ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 259
Ал Түркия республикасының Президенті Сүлеймен Демирел Қазақстанмен қарым-қатынас туралы
мынандай тамаша сөздерді айтты. Түркия мен Қазақстан аймақтағы екі іргелі және ықпалды мемлекет
болып табылады. Осы кездесуде екі елдің сыртқы істер мин истрліктері арасындағы саяси кеңестер
туралы хаттамаға қол қойылды. Ал 18-19 күндері Стамбул қаласында Түркі мемлекттері басшыларының
екінші бас қосуы өтті.Оған Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирел, Әзербайжан
Республикасының Президенті Гайдар Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев, Қырғызстан Республикасының Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Республикасының
Президенті Ислам Каримов, Түркіменстан Республикасының Президенті Сапармұрат Ниязов қатысқан
жоғары дәрежелі екінші басқосу басталды. Негізінде екінші басқосу Әзібайжан мемлекетінде Баку
қаласында жоспарланған болатын. Бірақ Ресейдің Әзербайжанға жасаған қастаңдығы және осы елдің өз
ішіндегі қайшылықтар кездесу мезгілін, орнын өзгертуге әсерін тигізді.
Бұл кездесуге сырттағылар ала көзденуін қоймады. Әйткенмен кедедергіге табандылық танытты.
Әсіресе Ресейдің кейбір ресми адамдары таратқан жалған сөздерге қаймыққан ешкім болмады. Түркияны
орынсыз кіналап теріс ой пікір таратуда, кездесуді этникалық бөлектену негізінде ұйымдастырып жатыр деп
даттанушылар аяққа орала кетті. Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирел жалған таралған
сөзге былай деп жауап берді: Өз егемендіктерін және тәуелсіздіктерін алған Орта Азиядағы түркі мем-
лекеттері басқа біреудің рұқсатынсыз-ақ өздері қалаған шаруаларын жүзеге асыра алады, - бұл аймақтағы
экономикалық және мәдени ынтымақтастардың жандануынан Ресей басшылары шошынбасын деді.
Бұл кездесудің мақсаты-мұның алдындағы жоғары деңгейдегі кездесуден кейінгі екі жыл ішіндегі
аталған алты ел арасындағы ынтымақтастықтың қорытындысын шығарып, оларды байланыстыратын
тарихи, мәдени, діни, т.б., арқаулар негізінде экономикалық және саяси әріптестіктің жалпы стратегиясын
жасау. Күн тәртібіне түркі тілді мемлекеттердің біртұтас рыногінқұру, аймақтық оның ішінде Армиян-
Әзірбайжан және Ауғанстанмен шекарадағы жан-жалдарды келіп реттеудің жолдары, бұрынғы КСРО-нің
түркі тілді Республиканың өз дербестігін нығайту жөніндегі күрделі міндеттерін шешуі Конституция
бойынша өркениетті, ал өзінің рухани тіршілігі бойынша мұсылман мемлекеті болып табылатын
Түркияның тәжірибесін пайдалану сияқты мәселелер енгізілді. Бұл кездесуді ашқан Сүлеймен Демирел
мынадай тамаша сөздермен бастады. «Бауырлас мемлекеттердің» ынтымақтастық ауқымын кеңейтудің
маңыды әрекетін атап көрсетті. «Біздің мақсатымыз деді – ол – Туыстас халықтарымыздың тығыз
байланысын дамытып, ынтымағын нығайту»-деді.
ОрталықАзия құрлығы – аумағы жөнінде, экономикасы жөнінде де, еңбек Ресурстары жөнінде
орасан зор, деп жалғастырды Қазақстан Президенті, күш-жігерді, бөлшектемей, керісінше, біріктіре
отырып, осы факторларды адам игілігіне үлкен пайда келтірмейтіндей етіп пайдалануға болады. Біз
өзімізде ізгілік дәнін септік Өзбекстан. Қырғызстан және Қазақстан біртұтас экономикалық кеңістік
құрды және ол қазір біздің ортақ дамуымызға, тату көршілік пен бейбітшілікті нығайтуды көмектесуде
деді.
Көмектесуде халықаралық проблемаларға тоқталған түркияның Президенті Кавказдағы «отты
нүктелердің» салдарынан Орталық Азияның Түркиямен және Еуропамен арадағы коммуникациялық
байланыстары бұзылғанына алаңдайтынын жасырған жоқ.
1995жылы 13-ші маусымда таңертең республикамыз басшысының Сарайы алдында Алматыға
сапармен келген Түркия Президенті Сүлеймен Демирелді қарсы алудың ресми рәсімі өткізілді. Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде оны көнеде бірегей қалпына келтіру барысымен танысты.
Мұнда Түркия мамандарының көтеруімен ірге тасты нығайту толық аяқталып, жұмыстың келесі кезеңі
басталған. Барлық қайта қалпына келтіу жұмыстарын келесі жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып
отыр. Екі мемлекеттің басшылары кесенедегі әулие бейітінің басында намаз оқып, құрметті келушілер
кітабына қол таңба қалдырды.
Сондай-ақ мемілекет башылары Шымкент Педагогикалық дене тәрбиесі институтының ат спорты
кешенінде болды.
Олардың алдында ат спортының ұлттық түрлерінің болашақ мамандары ат құлағында ойнайтын
жігіттер өз-шеберліктерін көрсетті. Түркия Президенті Сүлеимен Димирилге асыл тұқымды сәйгүлік
тарту етілді.