Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет83/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы жағдайға тұтастай талдау жасағанда 
Қазақстан Республикасы білім беру саласында айтарлықтай табыстарға жетті деген пайымдау жасауға 
болады. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында көптеген 
жаңалықтардың енуімен ерекшеленеді. Ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелерді тәуелсіздік алған 
соңғы он жеті жыл ішінде толық шешіп тастау мүмкін емес жағдай. Сондықтан атқарылған шаралардан 
гөрі алда тұрған міндеттер көп десек, қателеспеген болар едік. Олай болса, Қазақстанның жоғары білім 
мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясат мәселесі де бүгінгі күні ел назарында тұрған өзекті мәселе.
Мақаланың мақсаты мен міндеттері: Қазақстандағы жоғары білім беру мен ғылым саласындағы 
жүргізілген мемлекеттік саясатты теориялық-әдіснамалық және тарихи тұрғыдан талдау. Сондай-ақ
мәселеге қатысты сан алуан деректерді саралай отырып, Қазақстандағы жоғары білім беру мен ғылым 
дамуының алғы шарттары мен заңдылықтарын анықтау және олардың қарастырылып отырған кезеңдегі 
елімізде қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ахуалмен байланысты 
болғанын көрсету мақсаты қойылды. 
Материалдар және методология:
Материалдар. Қазақстандағы жоғары білім беру мен ғылымның даму тарихы зерттеушілерді 
әрқашанда қызықтырғанын айта кету керек. Еліміздегі жоғары білім беру мен ғылымды дамытуға 
байланысты жарық көрген тарихи еңбектерді олардың мазмұны мен ой тұжырымдарына қарай шартты 
түрде төрт топқа жіктеуге болады: 
– Бірінші топқа еліміздің мәдени дамуы мен құрылысын зерделеген еңбектер жатады; 
– Екінші топ – Қазақстан зиялыларының тарихы мен тағдырын баяндайтын еңбектер; 
– Үшінші топ – республикадағы жоғары білім беру мен ғылым жүйесінің қалыптасуы және дамуы 
жайлы зерттеулер; 
– Төртінші топ бүгінгі қоғамдық даму жағдайындағы жоғары білім мен ғылымның даму саясаты 
мен стратегиясын айқындауды мақсат тұтқан еңбектер легі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет