Саймандар тақтасымен танысу
CorelDRAW мәзірінде сәйкесінше саймандар тобы суреттеледі.Панельдегі
немесе батырманың оң төменгі жағындағы кішкене бағыттауыш сызық мәзірдің бар
екенін білдіреді.Мысалы, Форманы өзгерту мәзірі
бағыттауышты басқанда өзара
байланысқан аспаптар тобы ашылады.
Келесі кестеде CorelDRAW-дағы мәзір және саймандар берілген.
AdobePhotoShop программасымен танысу
Adobe Photoshop бағдарламасы - графиканы редакциялау үшін жасалған.
Бағдарламаны Adobe Systems inc. фирмасы өңдеп жариялаған.
Adobe Photoshop-ты кәсіпқой фотографтар, цифрлық суретшілер, графикалық
дизайнерлер, веб- дизайнерлер және қарапайым қолданушылар пайдаланады.
Бағдарламаның жаңа нұсқаларында бірнеше интерфейс бар, осы арқылы оны әркім
өзіңе ыңғайлы күйге келтіреді. Бұл бағдарлама суреттеріңізді түзетуге, мөлшерлеп
өзгертуге, кесуге, түс түзетуiн жасауға мүмкiндiк береді.
Бағдарламада сурет сала
аласыз, осы мақсатта көптеген құралдар бар: brush, mixer brush,
art history brush,
pencil және т.б.
Растр сурет немесе «бит-форматындағы графикалык файл» (bitmap) -
цифрлық суреттер ұсынысының әдісі болып саналады. Растр сурет бiрнеше
форматта белгiленедi: .gif, .jpeg, .bmp. Растр сурет
бейнені биттiк ақпаратты
жүйелiлiк түрде көрсетіп, экранға пиксель ретiнде орналастырады. Бұл пиксельдер
түс нүктелерiн құрастырып, бүкіл суреттi тудырады.
Вектор суреттер - бөлек объектілер жиынтығы болып саналады. Вектор сурет
нүктелерден құрылып, сызықтармен жалғануы мүмкін немесе түйiндер Безъе
қисықтарымен қосылады.