1. Атом құрылысының заманауи теориясы атомдағы электрондар күйі, квант саны



Pdf көрінісі
бет22/53
Дата28.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#461501
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
Хром (
лат.
Chromіum), Cr — элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы 
химиялық элементі, атомдық номері 24, атомдық массасы 51,996. Тұрақты төрт изотобы 
50Cr(4,31%), 52Cr (83,76%), 53Cr (9,55%), 54Cr (2,38%) бар. Олардың ішіндегі 
маңыздысы жасанды жолмен алынған радиоактивті изотопы 51Cr (T
1/2
= 27,8 күн ). 
Физикалық қасиеттері 
Хром — ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын металл, балқу температурасы 1910°C, 
қайнау температурасы 2480°C, тығыздығы 7,14 грамм/куб сантиметр. 
Химиялық қасиеттері 
Қалыпты температурада фтормен, 600°С-тан жоғары температурада галогендермен, 
күкіртпен, азотпен, көміртекпен, кремниймен, т.б. көптеген металдармен әрекеттеседі. 
Оттекпен өте жоғары температурада әрекеттесіп Cr
2
O
3
тотығын түзеді, оның 
гидрототығы (Cr(OH)
3
) амфотерлі. Cульфидтері суда гидролизденеді. Сутекпен 
әрекеттесуге бейім емес, бірақ оны өзіне сіңіріп алады. 
Тотығу дәрежелері +1, +3, +6, кейде +1, +4, +6. Қосылыстары күшті 
тотықсыздандырғыш, тотығу дәрежесі +6 болатын қосылыстары (хром ангридриді 
CrO
3
, хроматтар) тотықтырғыш. 
Сұйық қышқылдардан сутекті ығыстырады. 
Хром кешенді қосылыстар түзуге бейім. Ол құрамда оттек бар қышқылдармен 
әрекеттесіп нитрат Cr(NO
3
)
3
·9H
2
O, сульфат Cr
2
(SO
4
)
3
·18Н
2
О тұздарын түзеді. 
Хром қолданылуына қарай таза күйінде немесе темірмен қорытпасы — феррохром 
түрінде (құрамында 60 — 85% Cr) өндіріледі. Оны хром кентастарын тікелей 
тотықсыздандыру арқылы алады. Таза хром өзінің тотығын Cr
2
O
3
алюминотерм. 
әдіспен, сондай-ақ кейбір тұздарын электролиздеу арқылы алынады. Тотығу дәрежесі 
+3 болатын хром көптеген тұздар, ашудастар түзеді. Хром-калий ашудасы былғары 
илеуде, мата өнеркәсібінде, кино пленкасын жасауда қолданады. Хром металдан 
жасалған бұйымдардың бетін хромдау үшін пайдаланылады. Құрамында хром бар болат 
таттанбайды, қажалмайды және үйкеліс пен қызуға төзімді келеді 
Ашылу тарихы 
Хромды 1797 жылы француз химигі Луи-Николя Воклен (фр. Louis-Nicolas Vauquelin; 
1763 — 1829) крокоит минералының құрамынан ашқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет