4-
қосымша
Қалыптастырушы бағалау әдістері
№
Әдісі
Сипаты
1.
Қолмен белгі
беру
Мұғалім түсіндіруін тоқтатып, қолды көтеру арқылы материалды түсініп
немесе түсінбей отырғанын айғақтайтындай белгі беруін өтінеді. Белгілер
алдын ала келісіледі. Мысалы:
−
қолдың бас бармағы жоғарыға қарай бағытталған: мен бәрін түсіндім
және түсінгенімді айта аламын;
−
қолдың бас бармағы төменге қарай бағытталған: мен әлі түсінген
жоқпын;
−
қол бұлғау:
мен өзіме сенімсізбін;
Мұғалімнің білім алушыларға қосымша сұрақтар қоюына болады,
мысалы, кім өзіне сенімсіз? кім түсінбеді? кім түсінді?
2.
Бағдаршам
Әр білім алушының қолында бағдаршамның үш түсі көрсетілген
парақшалар болады. (барлығы түсінікті – жасыл, сұрағым бар – сары,
түсініксіз – қызыл).
3.
Жинақтау
парақшасының
индексі
Мұғалім білім алушыларға екі жағында да көрсетілген тапсырмалары бар
парақтарды жиі таратып отырады:
1-
беті: Өткен тақырып бойынша негізгі идеяларды атап шығыңыз
(бөлімдер, тақырыптар) және оны қорытып айтыңыз.
2-
беті: Өткен тақырыптан тағы нені түсінбегеніңізді анықтаңыз (бөлімдер,
тақырыптар) және өз сұрақтарыңызды құрастырыңыз.
4.
Бір минуттық
эссе
Білім алушылардың оқу материалын меңгергенін кезең-кезеңмен
қадағалау үшін сабақтың кез келген уақытында қолдануға болады.
Мұғалім қоюы мүмкін сұрақтар:
-
Ең бастысы (бүгін) сіз не білдіңіз?
-
Есіңізде не қалды?
-
Қандай сұрақ сіз үшін түсініксіз болды?
5.
Екі жұлдыз, бір
тілек
Білім алушылардың
шығармашылық жұмыстарын,
шығарманы, эссені
бағалау кезінде қолданылады. Білім алушыларға
екі жағымды тұсын
анықтау әрі оны жұлдызшамен белгілеу («екі жұлдыз»)
және өз ойы
бойынша оның қай тұсын толықтырып
жазу қажеттігін анықтау
тапсырылады («тілек»).
6.
Үш минуттық
үзіліс
Мұғалім білім алушыларға сабақты түсінуін, идеясын, өткен тақырыппен
байланыстылығын, білімі мен тәжірибесін, сондай-ақ түсініксіз тұстарын
анықтау үшін ойлануға мүмкіндік беретін үш минуттық үзіліс береді.
Мысалы:
… туралы көп білдім
Мен бұған таң қалдым, себебі …
Мен … … сездім.
Мен … … қарадым.
7.
Ауызша бағалау Білім алушы мен мұғалімнің ауызша кері байланысы сабақтың барлық
кезеңінде тиімді.
8.
Температураны
өлшеу
білім алушының тапсырманы қаншалықты орындағанын анықтау үшін
қолданылады. Ол үшін мұғалім білім алушыларды тоқтатып, сұрақ қояды:
Біз не істеп жатырмыз?
Білім алушы осы сұраққа жауап береді, тапсырманың орындалу жолы,
оны орындау үдерісі туралы ақпаратты ұсынады.
49