«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



Pdf көрінісі
бет2/32
Дата29.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Нұсқаулық НИШ

КІРІСПЕ 
Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі 
мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және 
олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың 
оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың 
оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын 
арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.
Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта 
білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет 
ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін 
көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. 
Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің 
қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама 
деңгейіне соншалықты байланысты.
Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында
экономикалық өсудің түбегейлі, негізгі сапасы ЭЫДҰ елдерінің 
стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру екенін атап 
көрсетті. Аталған бағытты жүзеге асыру білім алушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептегі оқыту 
стандарттарын жаңартуды көздейді.
«Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру» 
(2014) 
ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру, 
маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар реті 
ұсынылған. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, 
жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін 
анықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық 
стандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімді 
жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді 
қолдану қажеттілігі ескертіледі.
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім 
алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін 
нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет