17
✓
Сабақтарға қатысу мақсаттары білім беру ұйымының мақсаттарына,
міндеттеріне және ерекшеліктеріне байланысты анықталады.
✓
Мектепішілік бақылаудың мақсаттарына байланысты сабақты бақылау парағы
әзірленеді.
Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау оқыту процесін жақсартудың,
педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім
алушылардың білім сапасын
арттырудың негізі болып табылады.
Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік
әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі
түрде талқылануы тиіс.
Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды көздейді:
- педагогтің сабақты өзіндік талдауы;
- сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету;
- педагогке ұсыныстар беру.
Педагогтердің бір-бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады.
Карантиндік және шектеу шаралары кезеңіндегі оқыту жағдайында
мектепішілік бақылау онлайн форматта жүргізіледі.
Электрондық журналдарды тексеру нормаларын тоқсанына 1 рет анықтау
ұсынылады.
Білім беру ұйымының әкімшілігі білімнің таңдамалы тақырыптық бақылау
кесімдерін жүргізуді, білім алушылардың жазбаша жұмыстарын (эссе, диктант,
мазмұндама және шығарма) тексеруді жоспарлайды.
Педагог дәптерлерді, жазбаша жұмыстарды тексеру нәтижелері бойынша
білім алушыға кері байланыс (түсініктеме, орындалған жұмыстағы
олқылықтарды түсіндіру және т.б.) ұсынады.
Мұғалімдердің тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін
әр мектепте
«мұғалімдер бөлмесі» болуы керек.
Білім беру ұйымының әкімшілігі білімнің таңдаулы тақырыптық бақылау
бөлімдерін өткізуді, оқушылардың жазба жұмыстарын (эссе, диктант,
презентация және шығарма) тексеруді жоспарлап отыр.
Білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесі өзара байланысты және
өзара шартты элементтерді қамтиды:
1) білім беру сапасын басқарудың ішкі жүйесін жобалау және жоспарлау
(орта білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі саясатты іске асыруды
қамтамасыз ететін нормативтік, ұйымдастырушылық, әдістемелік және өзге де
құжаттарды әзірлеу және бекіту);
2)
оқу-тәрбиелік, ұйымдастырушылық, әдістемелік (қажеттіліктерді
зерделеу, ресурстармен қамтамасыз ету, сапаны бақылау және т. б.) процестерді
басқару;
3) процестер мониторингі және түзету (сапа көрсеткіштері мен
индикаторларына қол жеткізу бойынша бағалау және талдау, мүдделі
тараптармен
кері байланыс, басқару жүйесіне және Қызметке білім беру
18
қызметтерін көрсету ретінде түзету іс-қимылдарын енгізу). (Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 292
бұйрығы).
✓
Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды электронды немесе қағаз форматта ұсына
алады.
Достарыңызбен бөлісу: