Хаттамасы



Дата29.12.2023
өлшемі24.52 Kb.
#488292
Хаттама пед оқу (1)


Түлкібас ауданының білім бөлімінің
«Аяулым»бөбекжай-бақшасы» МКҚК-ында
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары
педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту»
тақырыбында өткізілген педагогикалық оқу
ХАТТАМАСЫ
10.11.2023ж
Қатысқандар: 22
Қатысушылар:

  1. Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері.

  2. Буралхиева Жулдыз Садуахасовна – Түлкібас ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі ұйымдар әдіскері.



Күн тәртібі:
1.Педагогикалық оқу жоспарына сай өткізілген шебер сынып,дөңгелек ойын түріндіе ұйымдастырылған іс-әрекетін талқылау,іс-тәжірбие алмасу, пікір алмасу,бағалау.
Тыңдалды:Әдістемелік кабинеттің мектепке дейінгі ұйымдар әдіскері Ж.Буралхиева сөз алып,бөбекжайда өткен педагогикалық оқудың мақсаты, «Өрлеу біліктілікті арттыру институында» білім жетілдіріп келген педагогтардың тәжірбиесімен бөлісу екендігін,сондай-ақ тәрбиешінің негізгі басты мақсаты — рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру, қазіргі заманғы педагогтер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керектігін айта өтті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп тоқталды.
Сөйледі:«Алтын ұя» бөбекжай-бақшасының» тәрбиешісі Қосыбаева Ақнұр сөз алып,бүгінгі іс-тәжірбие алмасу барысында өтілген ҰІӘ,шебер сынып,дөңгелек үстел жұмысына баға беру барысында «Білім беру дағдыларының өзара байланысуы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді,бүгінгі пед оқуда білім беру дағдыларының мазмұнын кіріктіру балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың міндеттерін біріктіру әдісімен іске асырылған. Атап айтқанда «Аяулым» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Г.Бактыбаеваның «Балабақшада ұлттық ойындарды дамыту» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекетінде, педагог балалардың ауызекі сөйлеуге , сөздік қорды толықтыруға, санауға, би қимылдарын қолданып, музыканың сүйемелдеуімен жаттығулар орындауға үйрете білді. Кіріктіру ұстанымын қамтамасыз ету балалардың танымдық белсенділігін дамытуға және қоршаған ортаны тұтас қабылдауға ықпал ете алды.Сондай-ақ ұлттық нақыштағы ойындарды заманауи әдістермен байланыстыра отырып,мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыра білді»-деген жақсы пікірімен бөлісті.
Сөйледі:«Балапан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі К.Усаева сөз алып бүгінгі аудан көлемінде ұйымдастырылған педагогикалық оқуда өзіме үлкен әсер алдым. «Аяулым» бөбекжай-бақшасы»МКҚК тәрбиеші С.Абдиеваның ұйымдастыруымен орын алған ата-аналарға арналған «Телефонға тәуелді бала» тақырыбында дөңгелек үстелде қазіргі заманның өзекті мәселесі қозғалды.Қазіргі таңда жасырын емес денсаулықтың нашарлауына ұялы телефонның тигізер әсері мол. Қазір балаларды ұялы телефонсыз елестету қиын. Баланың заман ағымынан қалып кетпегені дұрыс шығар. Десек те кішкентайынан ұялы телефонға телмірген баланың денсаулығы қалай болатынына да мән беру керек-ақ. Телефонға деген тәуелділік тек балалар арасындағы мәселе ғана емес, бұл қазіргі кезде жас-кәрі демей орын алып жатыр. Одан денсаулық пен ой-санамызға келетін зиянның қаншалықты екеніне назар аудармаймыз. Үлкендер тәуелді болып, жүйкелері сыр беріп жатқанда, өмірді енді бастаған балалардың психикасы қандай күйге түсетінін ойлаудың өзі қорқынышты.Сондықтан да тәрбиеші тақырыпты дұрыс таңдап,оны аша білді.
Сөйледі: «Ажар» балабақшасының тәрбиешісі: Ж.Мусабекова өз сөзінде ойын арқылы білімдерін жетілдіру, балаларды сабырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырған «Жанерке» бөбекжай-бақшасы»МКҚК тәрбиешісі С.Мамедованың «Түрлі түсті математика» тақырыбындағы шебер сыныбында мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда жаңа технологияларды қолдана білді.Сонымен қатар пайдаланылған көрнекі материалдарды пайдаланар алдында мақсатты нақты айқындап,тек қажетті кезеңінде.барлық балаға көрінетіндей қолданды.
Ұсыныс: Мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында педагогтың кәсіби өсуінің факторларының бірі-өзараҰІӘ қатынасу, тәжірибе жұмысы жалғасын тапсын деген ұсынысын білдірді.
Сөйледі: «Арайлым» бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі Құдайбергенова Ақтолқын сөз алып, «Жанерке» бөбекжай-бақшасы»МКҚК тәрбиешісі Г.Кишкенованың «Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді қоршаған ортамен таныстыруда арт терапиясының рөлі» тақырыбындағы шебер сыныбында
арт терапия арқылы баланың бойындағы қабілетті ашып, шығармашылық қабілеттерін баланың қиял байлығымен, ой өрісімен, айналаға деген көзқарасымен өзінін ішкі жан дүниесін көрсетуін сипаттай алды.Бала өзінің ішкі сезімін сөзбен ғана емес, сонымен қолға қылқалам немесе карандаш алып сурет салу арқылы өзінің ішкі жан дүниісін, көңіл-күйін білдіруіне ықпал жасай алды -деген ойымен бөлісті.
Келесі кезекте «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасы» МКҚК тәрбиешісі Примбердиева Меруерт «Аяулым» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Г.Бактыбаеваның «Балабақшада ұлттық ойындарды дамыту» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекетіне «өте жақсы» деген баға отырып,ойын түрінде ұйымдастырылған іс-әрекеттінде заман ағамына сай QR код арқылы ертегіні тыңдау мүмкіндігі балалардың одон әрі қызығушылығын арттырады және де ақпараттық технологияны тиімді пайдалана білу құштарлығын оятады –деген ойын жеткізді.
Қаулы етті:
1.1. «Аяулым» бөбекжай-бақшасы» МКҚК-нда «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ойын құзіреттілігін дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған аудан көлемінде өткізілген педагогикалық оқу «жақсы» деңгейде деп табылсын.
1.2. Педагогикалыө оқу барысында берілген ұсыныстар назарға алынсын.
Жиналыс төрайымы : Ж. Буралхиева
Хатшы: М.Жуманова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет