244
үйрету ұсынылады. Сабақ барысында музыка тыңдау және ән үйрену бөліміне
басымдық берілгені дұрыс. Тыңдауға арналған және үйренетін туындыны таза
домбыра аспабының орындауында тыңдату ұлттық құндылықтарды
насихаттаудың басты құралы ретінде ұсынылады.
3–сыныпта «Музыка» оқу пәнінің оқытуда музыкалық сауаттылық
бойынша жалпы ұғымдармен таныстыруға болады.
Музыкалық жанрлар,
формалар жайлы жалпы көзқарастары үшін тапсырмалар беріледі, нота
сауаттылығы тереңдетіп оқыту талап етілмейді. Ән айту ережелерін сақтап,
тынысты дұрыс алып, мәтінінің мазмұнын дұрыс ұғынып, сөзді анық дыбыстап,
мәнерлі орындаушылық дағдыларын қалыптастыра түсуге
баса назар аудару
керек. Ұлттық құндылығымыз-халық күйлерін тыңдата отырып, күй барысында
қайталанатын әуен буындарына лайықтап сөз құрауға үйрету арқылы ұлттық
бояуды бала жадында сақтау әдісі ұсынылады.
4–сыныпта «Музыка» оқу пәнін оқытуда музыканың халықтық,
классикалық және эстрадалық тұрғыдағы үлгілерін салыстыра отыра тыңдатып,
айырмашылықтары мен ұқсастықтарын талдау,
қазақ ұлттық музыкасының
тарихы жайлы тереңірек мәлімет беру керек. Дауыс баптауға арналған қызықты
жаттығулар жасатып, ән орындауға шабыт беру қажет.
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ
қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек.
«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында
35
сағатты;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
3) 3-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
4) 4-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: