245
театрландырылған сабақтар өткізу ұсынылады. Пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру үшін интерактивті тақталарды қолдану арқылы өткен тақырыптарды
қорытындылау ұсынылады.
6-сыныптағы «Музыка» пәнінде білім алушының музыкалық танымын, ой-
өрісін кеңейту үшін
музыка тарихына, әдебиетіне ерекше назар аудару, ән
орындаудан көрі, музыка тыңдау, талдау, аспапта
ойнау бөлімдеріне баса мән
беру ұсынылады.
«Музыка» пәні аясы шеңберінде домбыра тартып үйрену сабағын енгізу
ұсынылады, сабақ барысында білім алушылар қазақ күй өнерінің тарихымен,
күйші-дәстүрлі әншілердің шығармашылығы жайлы мәліметтермен қатар,
домбыра аспабының шығу тарихы мен
құрылымымен тереңірек танысып,
аспапты тартып үйренеді. Нәтижесінде білім алушы бірнеше күй мен әнді
меңгеріп шығады.
6-сыныптан кейін домбыра тартып үйренуді жалғастыруға ниетті білім
алушылар жоғарғы сыныптарда вариативті компоненттер
сағаттары есебінен
оқуларына болады.
4. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына
сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік
талаптарына сүйеніп, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың санын негіздеу
және ұсыну
«Музыка» пәні бойынша 1-6 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін
бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін білім
алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау,
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі (
Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығының
16-тармағына өзгерістер мен толықтырулармен).
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.
Тоқсан/жарты жыл және оқу жылының соңында
«есептелінді»
Достарыңызбен бөлісу: