277
Мұғалімдер оқытуды дараландыру өзі үшін қызықты іс-әрекетті
таңдайтын баланың өзі жүзеге асыратынын түсінулері керек. Осыған
байланысты мұғалімнің ұстанымы да өзгереді: қазір ол білім беруші ретінде
емес, сонымен қатар оқушының жеке басын қалыптастыруда
көмекші ретінде
әрекет етеді.
Дарынды балалармен жұмыстың маңызды сәті қабілетті балалардың
отбасыларымен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені
болып табылады. Отбасында баланың жеке қасиеттері мен шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру жүреді, сондықтан мұғалімдердің практикалық
міндеті – қабілетті және дарынды балалары бар отбасыларға психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсету.
Ата-аналармен жұмыс жасау шараларының ішінде дамыту, оқыту және
тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар жиналыстары маңызды орын алады.
Ата-аналардың бұл мәселеге деген көзқарасын анықтау үшін сауалнама,
жеке кеңестер, ата-аналарға ғылыми және практикалық
әдебиеттерді таңдау
жұмыстарын өткізген жөн. Ата-аналар мен педагогтардың ынтымақтастығын
нығайту
мақсатында
олардың
конкурстарға,
ғылыми-практикалық
конференцияларға, балалармен және педагогтердің өзара жасалған жобалардың
таныстырылымын өткізу көзделеді. Балалардың шығармашылық және
танымдық белсенділігін дамыту үшін ата-аналар балаларға әртүрлі деңгейдегі
шығармашылық және танымдық конкурстарға қатысуға көмектеседі.
Білім берудің жаңартылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу
жағдайында білім беру ортасында әр баланы табысты оқыту және дамыту үшін
психологиялық-педагогикалық қолдау мектептің білім беру процесін басқару
жүйесінің қажетті элементіне айналады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары,
алдымен педагог-
психологтар білім алушылардың жетістіктерін бағалау және мониторингтеу
жүйесін
жақсы
біліп,
педагогтерге
психологиялық-педагогикалық
диагностиканың нақты әдістемелерін, оңтайлы тұлғааралық қатынастар жүйесін,
мектептегі психологиялық ахуал мен ұйымдастырушылық мәдениетті бағалау
және қалыптастыру құралдарын, білім беру ортасын жобалаудың заманауи
технологияларын, оның ішінде сүйемелдеу, қолдау, өтеу, білім беру және
тренинг бағдарламаларын, іскерлік және интерактивті
ойындар жобаларын
жасау тәсілдерін, оқытудың белсенді әдістерін үйретуге дайын болуы тиіс.
Мамандандырылған мектептердегі білім беру мазмұны мемлекеттік
деңгейде ұсынылған жалпы білім берудің үлгілік негізгі білім беру
бағдарламаларының негізінде дербес әзірленіп, қабылданып, іске асырылатын
білім беру бағдарламаларымен айқындалады.
Мектеп негізгі білім беру бағдарламаларын әзірлеумен және бекітумен
қатар, алдағы оқу жылында білім беру процесінде қолдануға арналған оқулықтар
мен оқу құралдарының тізімін жасап, бекітуі керек. Мұндай тізімдер, сондай-ақ
білім беру процесінде пайдалануға рұқсат етілген оқу құралдары «Орта
білім
беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта
білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде
278
электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 286 бұйрығы негізінде
жасалуы тиіс.
Білім беру бағдарламасын қалыптастыру кезінде
міндетті және
қосымша
оқу сабақтарын ажырату керек.
Міндетті сабақтарға инвариантты компоненттің оқу пәндері бойынша
сабақтар, сондай-ақ вариативті компоненттің
сағаты есебінен білім
алушылардың таңдауы бойынша сыныптарда іске асырылатын элективті курстар
жатады.
Элективті курстарды әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қойылатын
талаптарды сақтау қажеттілігіне назар аударамыз.
Қосымша оқу сабақтары қосымша білім беру бағдарламаларын іске
асыруды көздейді және мынадай форматта өткізілуі мүмкін:
- пәндік секциялар, үйірмелер,
- қызығушылықтар бойынша бірлестіктер (шығармашылық, спорттық,
әлеуметтендіру және т. б. бағыттар),
- білім беру жобалары.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығы негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін
бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылады.
Мамандандырылған білім беру ұйымы жекелеген пәндерді тереңдетіп зерделеуді
көздейтіндіктен, қосымша ұпайларды қоса отырып, ТЖБ-да тексерілетін
мақсаттар санын кеңейту мүмкіндігін көздеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: