2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


ШАҒЫН ЖӘНЕ ТІРЕК МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет154/174
Дата29.09.2022
өлшемі3.39 Mb.
#461620
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   174
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

28. ШАҒЫН ЖӘНЕ ТІРЕК МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
«Шағын жинақты мектеп» (бұдан әрі – ШЖМ) – білім алушылар 
контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын 
ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп».
Шағын жинақты мектепте (бұдан әрі – ШЖМ) оқу-тәрбие процесі 
біріктірілген сыныптарда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып 
оқытуға сәйкес жүргізіледі. 
Шағын жинақты мектептегі білім беру процесі «Тиісті үлгідегі білім беру 
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 
бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. 
ШЖМ-дағы 2-11-сыныптардың толымдығына 3 және одан артық білім 
алушыға дейін рұқсат беріледі. 


279 
Әртүрлі жастағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде 1, 2 жас айырмасын 
ескере отырып, екі немесе үш сыныпты біріктіруге жол беріледі.
Сыныптарды біріктіру кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзгермелі 
кестесі қолданылады. 
ШЖМ-да бірінші сынып пен бітіруші сыныптардың білім алушыларын 
біріктіріп оқытуға жол берілмейді. 
Шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың 
ерекшеліктері 
Шағын жинақты мектептердегі мектепалды даярлық сыныптарының 
оқу процесін ұйымдастыру 
ШЖМ-да 
мектепалды 
білім 
беру 
келесі 
кезеңдер 
бойынша 
ұйымдастырады:
Мектепалды сыныптардың педагогтері кәсіптік қызметті жүзеге асыруда 
Стандарттың талаптарын сақтай отырып, тәрбиелеу – білім беру процесін 
ұйымдастырудың нысандары мен тәсілдерін өздері таңдайды.
Мектепалды сыныптарының педагогтері өз қызметінде тиісті кәсіптік 
құзыреттерге ие болуы, өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және 
шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруі, оның ішінде кемінде бес жылда бір 
рет біліктілік санаты деңгейін арттыруы (растауы) тиіс.
Шағын жинақты мектептердің бастауыш сыныптарында оқу процесін 
ұйымдастыру: 
Шағын жинақты мектептердің бірінші сыныптарында оқу жүктемесін 
бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының сатылы режимі қолданылады. 
Қыркүйекте үш сабақ отыз бес минуттан, қазаннан бастап қырық бес минуттан 
жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған 
жаттығулар өткізіледі.
Бірінші сынып оқушылары үшін жыл бойы қосымша бір апталық каникул 
көзделеді.
Бірінші сыныпта қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді. 
1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді. 
Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалардың қорытындылары 
бойынша түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады. 
Шағын жинақты мектептердің 5-9-сыныптарына арналған пәндерді 
оқыту процесін ұйымдастыру: 
Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары білім алушылардың 
ғылымдар жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында 
тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, 
жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталған. 
ШЖМ-да оқу-тәрбие процесі біріктірілген немесе жеке сыныптарда білім 
алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуға сәйкес қамтамасыз 
етіледі. 
ШЖМ-да сыныпты екі топқа бөлу 2018 жылғы 31 қазандағы Білім берудің 
барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын 


280 
бекіту туралы № 604 бұйрығында көрсетілген деңгейлер бойынша жүзеге 
асырылады.
Тірек мектебі мен магниттік ШЖМ-ның оқу қызметі тірек мектебі 
(ресурстық орталық) мен магниттік мектептердің бірлескен педагогикалық 
кеңесінде бекітілген бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады. 
ШЖМ-да оқу және тәрбие процесі үлгілік оқу бағдарламаларына және 
жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі. 
ШЖМ-да оқыту процесі үлгілік оқу жоспарының негізінде құрылады, 
жылдық күнтізбелік оқу жұмыс кестесімен және сабақтар кестесімен 
регламенттеледі.
ШЖМ-да білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, 
сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін 
қамтамасыз етеді.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, санитариялық 
қағидалардың, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру саласындағы денсаулық 
сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім 
беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті 
үзілістерді көздейді. 
Шағын жинақты мектепте сабаққа жоспардан тыс қатысуға жол 
берілмейді. 
Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау оқыту процесін жақсартудың
педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім алушылардың білім сапасын 
арттырудың негізі болып есептеледі.
Мектеп педагогтеріне өзіндік дамуы мен тәжірибе алмасу мақсатында бір-
бірінің сабақтарына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 
қазандағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім 
беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға 
қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 564 бұйрығы негізінде: 
Мамандандырылған білім беру ұйымы «Мың бала» ауыл мектептерінің 
ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын 
оқушылардың жалпы санының он пайызы мөлшерінде квотаны бекітеді.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың 
үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығының 25-тармағына сәйкес 
мамандандырылған білім беру ұйымдарына «Мың бала» ауыл мектептерінің 


281 
ұлттық зияткерлік олимпиаданың 500 жеңімпазына мамандандырылған 
мектептерге конкурстан тыс қабылдау мүмкіндігі беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет