2. ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2.1 Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жүзеге асыру
Осы бөлімде орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын
ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды ескере отырып,
жаңа оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басым бағыттары
қарастырылады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім
алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен
сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды
кемсітушілікке жол бермеу болып табылады.
✓
Білім күні салтанатты жиын өткізіледі. Өткізу форматын білім беру ұйымы
дербес айқындайды.
✓
1-11 сыныптарда 2022 жылдың 1 қыркүйегінде балалар жылына арналған
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында сынып сағаты,
ашық сабақ өткізіледі.
✓
Сынып сағаты аясында мұғалімдерге білімге деген ұмтылыс, патриотизм және
еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен
дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыруға, достық қарым-қатынастың,
жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға кеңес беріледі.
2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы Тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздері шеңберінде іске асырылады, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық
адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық
бейнесі болып танылады. «Толық адам» тұлғалық жеке қасиеттері білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында, Мемлекет басшысының
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» және «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан»
бағдарламалық мақалаларында және басқа да мемлекеттік тұжырымдамаларда
айқындалған құндылықтар мен басымдықтарды жеке тұлғаны тәрбиелеудің
бірегей жүйелік тәсілімен қамтамасыз ету үшін біріктіреді.
2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек Білім күнін
Достарыңызбен бөлісу: |