2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет22/174
Дата29.09.2022
өлшемі3.39 Mb.
#461620
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   174
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

2022 жылғы 1 қыркүйекте республиканың барлық жалпы білім беретін 
мектептерінде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» 
тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.
Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға 
басты назар аударылады. 
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі 
жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық 
құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың 
қатысуы ұсынылады.
1
https://www.akorda.kz/ru/official_documents/constitutional_laws/o-gosudarstvennyh-simvolah-respubliki-
kazahstan-1 


36 
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге 
ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін 
талқылау.
Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін 
талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды 
көңіл-күй қалыптастыру.
Ұсынылады: 
- балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу 
жылынан күтулерін талқылау;
- заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды 
қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас 
ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілуі тиіс. 
Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында 
әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге 
ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» республикалық онлайн-
акциясын өткізу ұсынылады. 
Бейнероликті орналастыру күні: 2022 жылғы 1 қыркүйек.
Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 17.00-21.00.
Хэштег: Bilim_quni 
Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар: 
- барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу 
жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»; 
- Бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы 
күнім»; 
- 2-4 сынып оқушыларына арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым»; 
- 5-8 сынып оқушылары үшін – «Менің саяхатым»; 
- 9-11 сынып оқушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің 
ойларым, армандарым, үміттерім»; 
- Ата-аналар, 1 сынып оқушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші 
күніміз», «Бірінші сынып-өмірдің жаңа кезеңі»; 
- Сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті 
сыныбым!». 
* Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралардың және бірыңғай сынып 
сағаттарының материалдары білім беру ұйымдары және білім басқармаларының 
сайттарында орналастырылады.
Тұлғалық ерекшеліктерді қалыптастыру оқу бағдарламаларының мазмұны, 
оқу-тәрбие және оқудан тыс қызметті ұйымдастыру тәсілдері, тәрбие ортасының 
мүмкіндіктері арқылы, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың: отбасының, 
білім беру ұйымының, қоғамның кеңінен қатысуы арқылы іске асырылады. 


37 
 
✓ 
2022/2023 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде Ахмет 
Байтұрсынұлының 150 жылдығын, Роза Бағланованың 100 жылдығын, Қазыбек бидің 355 
жылдығын, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығын, 
сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге және 
дайындауға ерекше назар аудару қажет. 
 
Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі мемлекеттік жалпыға 
міндетті білім беру стандарттарының негізінде жатқан және күтілетін 
нәтижелердің көп деңгейлі жүйесінде байқалатын құндылыққа бағдарланған 
тәсіл арқылы іске асырылады. Сонымен бірге құндылыққа бағдарланған тәсілді 
іске асыруда педагог тәрбие мақсатын білім беру процесіне енгізуді 
қарастырады; рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының элементтерін 
білім берудің барлық деңгейлеріндегі барлық оқу пәндері бойынша сабақтардың 
мазмұнына міндетті тәрбиелік компонент ретінде кіріктіреді деп болжайды. 
Қолайлы білім беру ортасы педагогтердің, білім алушылардың, ата-
аналардың, мектеп әкімшілігі мен қызметкерлердің өзара қарым-қатынасының 
сапасымен айқындалады.
Мектеп қауымдастығында бір-біріне құрметпен қарау маңызды: 
✓ педагогті «мұғалім» немесе аты-жөні бойынша атауы; 
✓ педагогтің білім алушыны аты-жөнімен атауы; 
✓ мұғалімдер бір-бірін аты-жөні бойынша атауы. 
Қазақтың мақалында: «Сәлем-сөздің анасы», - делінген. «Қайырлы таң!», 
«Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!», «Сау болыңыз!», «Сау бол!» сөздерін 
қолдана отырып, білім алушылар мен педагогтер арасында достық қарым-
қатынасты қалыптастыру маңызды. 
Физикалық және психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әр 
мектепте зорлық-зомбылықтың, буллингтің/кибербуллингтің алдын-алу және 
әрекет ету бойынша мынадай шаралар ұсынылады: 
✓ барлық білім алушыларға, олардың ата-аналарына және мектеп 
қызметкерлеріне, 
соның 
ішінде 
әкімшілікке, 
мұғалімдерге 
және 
қызметкерлерге бағытталған жалпы мектептік тәсіл.
Жүйелі алдын-алу жеке 
тұлғалардың немесе топтардың мінез-құлқына ғана назар аудармайды, бүкіл 
мектептің мәдениетін өзгертуді талап етеді. 
✓ білім алушылар арасында оң қарым-қатынасты дамыту; 
✓ педагог тарапынан білім алушыға қолдау білдіретін қарым қатынас; 
✓ білім алушылардың ата-аналары үшін үлгілі ата-ана болуды 
насихаттау. 


38 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет