70
ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) –
24 сағат.
ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен
әріпке 2 сағаттан беріледі. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен
оқытылады.
«Әліппе» пәнінің базалық мазмұны сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым
мен айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған.
Әліппе кезеңінде қазақ әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту,
дыбыстардың айтылуына жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі.
Тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы
керек.
І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі:
әліппеге дейінгі
кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант
– 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12
сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі
мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі
ұйымдастыру ұсынылады.
Тыңдалым мен айтылымның ерекшілігі: тыңдалым материалының көлемі:
30 сек – 1 мин.
Оқылым ерекшелігі: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің
басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек.
Әр сөйлемдегі
сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.
Жазылым ерекшелігі: 1 сыныптан бастап жазу жұмысына дайындық
жаттығуларына аса мән берілуі тиіс. Жазу жұмысына дайындық:
1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің
көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы
кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын,
жоларалық кеңістікті,
жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан
шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;
2) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген
сөздерден сөйлемдер
құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық
модельдерін құру;
3) көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші
әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;
4) сөйлемнің басындағы
сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің
бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою;
5) қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру,
сюжетті суретке қарап мәтін
құрастыру;
6) қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Әліппе кезеңінде жазба жұмыстарын (көркем жазу минуты) күнделікті
жүйелі ұйымдастыру ұсынылады. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім
алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай айқындайды.