107
10.Оқу үшін емес, оқыту үшін бағалау.
11. Критериалды бағалаудың ерекшеліктері мен қиындықтары.
12. «Қазақ тілі» пәнінен білім беру арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы
ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жолдары
13. «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын білім беру технологиялары,
олардың ерекшелігі
14. «Қазақ тілі» пәні сабақтарында алаш
ойшылдарының педагогикалық
зерттеулерге қатысты ой-тұжырымдарын қолдану жолдары.
15. Алаш зиялылары ой-тұжырымдарының бағдарлама мазмұнымен
сабақтастығы.
16. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру
17. Жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі
18. Оқу мен тәрбиені қатар алып жүру жолдары
19. Оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату
20. Ата-анамен жұмыс түрлері (жас педагогтар үшін).
6.7. Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру
Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес,
тәрбие
берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның
барлық өміріне апат әкеледі»,–деді. Ы.Алтынсарин «өмірдің негізгі мәні – еңбек,
ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек
еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық
адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу –
кісіліктің басты белгісі»,– деген. Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат,
рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып,
өсек, өтірік, мақтаншақтық,
еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды
әдеттерді жоюға шақырады. М.Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл
пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат
алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам
болғандығы», – деп жазды.
Қазақстан Республикасының білім жүйесінде халыққа білім, тәрбие
берудің негізгі мақсаты – Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл
дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық
патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін, нарықтың іргетасын қалап,
экономикалық
бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды
тәрбиелеу.
Ақыл-ой тәрбиесі–оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми
көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық,
төзімділікті
қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық
сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға
үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері: оқушыларды іскерлікке, еңбек
дағдысына үйрету; оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен,
108
еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
озық еңбек
дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері: бейнелеу өнері (кескіндеме, графика,
мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино)
арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы
ұғымдарын қалыптастыру; эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру;
әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
«Қазақ тілі» пәні бойынша балаға берілетін тәрбие мәтін арқылы жүзеге
асады. Сабақ барысында алынатын мәтіннің мазмұны ұлттық құндылықтарға
негізделуі қажет. Әрбір жасаған жұмысының мазмұнынан адам бойына қажетті
жақсы қасиеттердің ұшқыны сезіліп тұрса, ол бала бойына жақсы қасиеттерді
дарытады.
Достарыңызбен бөлісу: