Фирманың міндеттері мен мақсаттары. Фирманың бағдарла-
масын басшылықтың əрбір эшелоны үшін көмекші мақсаттар
мен міндеттердің толық тізбесіне айналдыру қажет. Əрбір
басқарушының алдына орындалуына өзі жауапты болатын
міндеттер қойылуы керек. Бұл жүйе ― міндеттерді шешу əдісімен
басқару деген атаумен белгілі.
Табысты қазіргі тауарлардың өтім көлемін арттыру, ағымдағы
шығындарды азайту немесе осы екі əдісті қатар қолдану арқылы
көтеруге болады. Өткізуді отандық нарықтың ауқымды үлесін
игеру немесе шетелдегі жаңа нарықтарға шығу арқылы арттыру
мүмкіндігі бар. Бұл мəселелер фирманың маркетинг саласындағы
ағымдағы мəселелеріне айналады.
Осы маркетингтік міндеттерді шешу үшін маркетингтің сəйкес
келетін стратегияларын жасау керек. Фирмалар отандық нарықтағы
өз үлесін ұлғайту үшін тауарларының үлкен қолжетімділігін
қамтамасыз етіп, қарқынды ынталандырумен айналысады. Ол
шетелдік жаңа нарықтарға шығу үшін бағаларды төмендетіп,
өз күшін ірі фирмаларға бағыттайды. Оның кең мағынадағы
маркетингтік стратегиясы осындай болады.
Əрбір маркетингтік стратегияны нақты сипаттау қажет.
Мысалы, тауар өткізуді ынталандыруды күшейту ― сатушылар
санын көбейтуді жəне жарнаманы үдетуді талап етеді. Бұл екеуіне де
жеке, нақты стратегия керек. Осылайша, фирманың бағдарламасы
ағымдағы жылға арналған нақты міндеттер тізіміне айналады.
Ал міндеттерді мүмкіндігінше өлшеуге көнетін, нақты қойылған
мақсаттарға айналдыру қажет. «Нарықтағы үлесті ұлғайту» деген
міндет «Жыл соңына дейін нарықтағы үлесті 15%-ға ұлғайту қажет»
деген міндетке қарағанда нақты емес. Басқарушылар үлкендігі жəне
уақыты бойынша нақтыланған міндеттерді белгілеуде «мақсат»
деген терминді қолданады. Міндеттердің мақсаттарға айналуы
одан кейінгі жоспарлау мен бақылауды жеңілдетеді.
Шаруашылық портфельді дамыту жоспары. Стратегиялық
жоспарлау саласындағы негізгі əдіс фирманың шаруашылық
портфелін саралау болып табылады. Мəселе басшылықтың осы
шаруашылық портфельді, яғни фирманың құрамына кіретін барлық
өндірістердің жағдайын бағалауы жөнінде болып отыр. Мұндағы
«өндіріс» ұғымына фирманың бөлімшесі, тауарлық ассортимент,
тіпті бір қарапайым немесе маркалық тауар кіруі мүмкін.
Мұндай саралау азды-көпті рентабельді өндірісті анықтауды
жəне олардың əрқайсысына қатысты жеке-жеке қандай шаралар
қолдануға болатыны жөнінде шешім қабылдауды талап етеді.
Фирманың негізгі ресурстарын ең рентабельді өндірістерге
жұмсап, əлсіз өндірістерге қаражат салуды қысқартуды немесе
мүлдем тоқтатуды қалайтыны анық. Фирма күшейіп келе жатқан
өндірістерді нығайтып, тозған өндірістерден арылып, өзінің
шаруашылық портфелін үнемі дайындықта ұстауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |