А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет125/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   165
Маркетинг (1)

7.4.2. суретФункционалдық ұйымдар
Географиялық ұстаным бойынша ұйымдастыру. Елдің бүкіл 
аумағында сауда жасайтын компаниялардағы сатушылардың 
бағыныштылығы көбіне географиялық ұстаным бойынша 
ұйымдастыру формасына ие болады. 
Географиялық ұстаным бойынша ұйымдастыру кезінде 
сауда агенттері өздері қызмет көрсететін аумақтың шегінде өмір 
сүре алады, жалпы өз клиенттеріңді жақсы біліп, жолға кететін 
уақыт пен қаржы шығынын барынша азайтып, тиімді жұмыс 
істеген жөн. 
Сауда агенттері
7.4.3. сурет. Географиялық ұстаным бойынша ұйымдастыру
Тауарлық өндіріс бойынша ұйымдастыру. Ауқымды тауар-
лық номенклатурасы бар жəне (немесе) маркалық тауарлары 
əралуан фирмалар тауарлық немесе тауарлы-маркалық өндіріс 
бойынша ұйымдастыруды қолданады. Тауарлық өндіріс бойынша 
ұйымдастыру функционалдық ұйымдастыруды алмастыра алмай-
ды жəне басқарудың тағы бір сатысы болып табылады. 
Тауарлық өндіріс бойынша ұйымдастыру фирма шығаратын 
тауарлар бір-бірінен қатты өзгешеленгенде жəне (немесе) бұл 
тауарлардың əралуандығы көп болғаны соншалық, аталған 
барлық номенклатураны маркетингтің функционалдық ұйымдас-
тырылуымен басқару қолдан келмейтін жағдайда өзін-өзі ақ-
тайды. 
Тауарлық өндіріс бойынша басқарудың бірқатар артықшы-
лықтары бар. Біріншіден, тауар бойынша басқарушы осы тауар 
бойынша маркетингтің барлық кешенін үйлестіреді. Екіншіден
тауар бойынша басқарушы нарықта туындаған мəселеге жекелеген 
мамандарға қарағанда, жылдам жауап қайтара алады. Үшіншіден, 
маңызы жағынан болмашы, ұсақ маркалық тауарлар да назардан тыс 
қалмайды. Себебі, олардың əрбірінің өндірісіне жеке басқарушылар 
жетекшілік етеді. Төртіншіден, тауар өндірісін басқару — жас 
Маркетинг бойынша вице-президент
Қызмет
Жарнама 
қызметі жəне 
өткізуді 
ынталандыру 
қызметінің 
басқарушысы
Жалпы-
ұлттық өткізу 
қызметінің 
басқарушысы
Маркетингтік 
зерттеулер 
қызметінің 
басқарушы
Жаңа 
тауарлар 
бойынша 
басқарушы
Маркетинг бойынша вице-президент
Маркетинг 
қызметін 
басқарушы
Жарнама 
қызметі мен 
өткізуді 
ынталандыру 
қызметінің 
басқарушысы
Өткізу 
қызметінің 
баскару-
шысы
Маркетингтік 
зерттеулер 
қызметінің 
басқарушысы
Жаңа 
тауарлар 
бойынша 
басқарушы


198
199
жетекшілер үшін теңдесіз мектеп. Себебі, олар осы жұмыс арқылы 
фирманың барлық жедел қызметіне араласады. 
Тауарлар тобы бойынша басқарушы
Тауарлар бойынша басқарушылар
7.4.4. сурет. Тауарлық өндіріс бойынша ұйымдастыру
Алайда, бұл артықшылықтар шығындармен байланысты. Бірін-
шіден, тауарлық өндіріс бойынша басқару жүйесі бірқатар реніш-
дауларды туындатады. Тауарлар бойынша басқарушылардың 
көбіне өз міндеттерін атқаруға қажетті құқықтары аз болады. 
Екіншіден, тауарлар бойынша басқарушы өз өнімдеріне қатысты 
барлық мəселелерде сарапшыға айналғанмен, оның қызметтік 
функционалдық саласында жақсы маман болуы сирек кездесетін 
жағдай. Үшіншіден, тауарлық өндіріс бойынша басқару жүйесі 
көбіне бастапқыда болжанғаннан қымбатқа түседі. Бұл көптеген 
жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кететін шығындардың артуына 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет