48
49
МƏДЕНИЕТ. Мəдениет — адамның қажеттіліктері мен мінез-
құлқын анықтайтын бірінші негізгі себеп болып табылады. Адам-
ның мінез-құлқы — негізінен жағымды нəрсе. Бала өзінің отбасына
жəне қоғамның негізгі институттарына тəн құндылықтар, түсінік-
тер, əдеттер мен əрекеттердің базалық жиынтығын меңгереді.
Айталық, Америкада өскен бала келесі құндылық түсініктермен
бетпе-бет келеді: жетістік, белсенділік, жұмысқа қабілеттілік, іскер-лік,
алға ұмтылу, материалдық жабдықталғандық, дарашылдық, еркіндік,
сырттай жабдықталғандық, мейірбандық, өз жасынан кіші көріну.
СУБМƏДЕНИЕТ. Кез келген мəдениет
айтарлықтай ұсақ құ-
рамдас бөліктерді немесе субмəдениеттерді біріктіреді. Ол өз
мүшелеріне анағұрлым нақтырақ теңесуге жəне өзі секілділермен
қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Ірі қоғамдастықтарда
айқын этникалық талғам құштарлықтары мен қызығушылықтарды
білдіретін бір ұлттағы топтар, мəселен ирландықтардың,
поляк-
тардың, итальяндықтардың немесе пуэрторикандықтардың топ-
тары кездеседі. Жекелеген субмəдениеттер өзерінің талғамдық
құштарлықтарымен жəне тыйымдарымен діни топтарды құрайды.
Мысалы, католиктер, мормондар, пресвитериандар, иудейлер.
ƏЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ.
Əрбір қоғамда түрлі қоғамдық таптар
болады. Оларды келесідей анықтауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: