А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет31/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   165
Маркетинг (1)

3.4. Жеке ерекшелік факторлары
Сатып алушының шешімінен оның сыртқы, əсіресе, жасы, 
отбасының өмірлік цикл кезеңі, қызмет түрі, экономикалық 
жағдайы, тұлғаның түрі жəне оның өзі туралы түсінігі сияқты 
мінездемесі де көрініс табады.
ЖАСЫ ЖƏНЕ ОТБАСЫНЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛ КЕЗЕҢІ. Жас 
келген сайын адамдар сатып алатын тауарлар мен қызметтердің 
түрлерінде, номенклатурасында өзгерістер болады. Өмірге 
келген алғашқы жылдары адамға балаларға арналған тағамдар 
қажет. Ержету жəне есею жылдарында ол əртүрлі азық-түлікпен 
тамақтанады, ал кəрілік жаста арнайы диеталық тағамдарды 
пайдаланады. Жыл өткен сайын оның киімге, жиһазға, демалыс 
пен ойын-сауыққа деген көзқарасы өзгереді.
Тұтыну сипаттамасы отбасының өмірлік цикл кезеңіне 
де байланысты. 3.4.1. кестеде қаржылық жағдайы көрсетілген 
тоғыз кезең тізімделіп, əрбір отбасы ықылас көрсететін үлгілер 
көрсетілген.
3.4.1. кесте 
Отбасының өмірлік цикл кезеңдері жəне сатып алу əрекеті
Өмірлік цикл кезеңі
Сатып алушы ықыласының іс-əрекетіндегі 
ерекшеліктер
1. Бойдақ өмір кезеңі; 
ата-аналарынан 
бөлек тұратын жас 
жалғызбастылар
Қаржылық салмақ аз. Сəн саласында озық пікір 
білдіретіндер. Белсенді демалысқа құштар. 
Негізгі асүй жабдықтарын, жиһаз, автомобиль, 
демалысқа жолдама сатып алушылар.
2. Баласы жоқ жас 
жұбайлар 
Қаржылық жағдайы жақсы. Сатып алу қар-
қыны аса жоғары, ұзақмерзімді пайдалану 
тауарларын сатып алу бойынша көрсеткіштері 
орташа жоғары. Сатып алатындары: автомо-
биль, тоңазытқыш, асүй плитасы, керекті жəне 
ұзақмерзімді пайдалану жиһаздары, демалуға 
жолдама.
3. «Толық ұя», 1-саты:
кенже баласы 6 жасқа 
келмеген
Үй сатып алу. Айналым капиталы үлкен емес. 
Қаржылық жағдайына жəне үнемдеген ақша-
сына көңілі толмайды. Жаңа тауарға қызығады. 
Жарнамаланатын 
тауарларды 
ұнатады. 
Сатып алатындары: кір жуатын машина, кеп-
тіргіш, теледидар, балалар тағамы, дəрілер,
витаминдер, қуыршақ, арба, коньки, шана. 
4. «Толық ұя», 2-саты: 
кенже баласы 6-да 
немесе одан асқан
Қаржылық жағдайы жақсарған. Кейбіреуле-
рінде əйелдер жұмыс істейді. Жарнама аз əсер 
етеді. Бірден көптеген тауар бірліктерін сатып 
алады. Сатып алатындары: əртүрлі тағамдар, 
велосипед, əн сабағы, пианино сабағы бойын-
ша мұғалімдердің қызметі. 
5. «Толық ұя», 
3-саты: балаларының 
қамқорлығындағы 
егде жастағы ерлі-
зайыптылар
Қаржылық жағдайы өте жақсарған. Көпшілі-
гінде əйелдер жұмыс істейді. Кейбіреулерінің 
балалары жұмысқа тұрады. Жарнама нашар 
əсер етеді. Ұзақмерзімді пайдалану заттарын 
сатып алу қарқыны жоғары орташа. Сатып 
алатындары: жаңа жиһаз, автомобиль саяхатына 
қатысу, қажетсіз құралдарды сатып алушылар, 
қайық, тіс дəрігерінің қызметі, журналдар.


54
55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет