6.3.2. Көтерме сатушыларының атқаратын қызметтері
Келесі қызметтердің біреуін немесе бірнешеуін анағұрлым
тиімді атқаруға болатын жағдайларда көтерме сатушылардың
қызметін пайдаланады:
1. Өткізу жəне оны ынталандыру. Көтерме сатушылардың қол
астында өндірушіге салыстырмалы түрде аз шығынмен көптеген
ұсақ клиенттерді қамтуға көмектесетін сауда қызметкерлері
болады. Көтерме сатушылардың іскерлік келісімдері көп болады
жəне сатып алушылар алыстағы өндірушіге қарағанда, соларға
қатты сенеді;
2. Тауарлық ассортиментті қалыптастыру жəне сатып алу.
Көтерме сатушы өнімдерді іріктеп, керекті тауар ассортиментін
қалыптастыра алады. Осы арқылы клиентті артық əбігерге түсуден
құтқарады;
3. Ірі тауар партияларын ұсақ тауар партияларына
бөлшектеу. Көтерме сатушылар тауарларды вагондап сатып алады
да оларды ұсақ тауар партияларына бөлшектеп, клиенттерге қаржы
үнемдеуге мүмкіндік береді;
4. Қоймалау. Көтерме сатушылар тауар қорын сақтайды жəне
осы арқылы жабдықтаушы мен тұтынушының шығындарының
азаюына мүмкіндік береді;
5.
Тасымалдау.
Көтерме
сатушылар
тұтынушыларға
өндірушілерге қарағанда жақын орналасқандықтан, тауардың
жедел жеткізілуін қамтамасыз етеді;
6. Қаржыландыру. Көтерме сатушылар өз клиенттеріне несие
беріп, қаржыландырады, сонымен қатар тапсырысты дер кезінде
беріп, есепті уақтылы төлеу арқылы жабдықтаушыларды да
қаржыландырады;
7. Тəуекелді қабылдау. Көтерме сатушылар тауарға меншік
құқығын өзіне қабылдай отырып, тауарды ұрлаумен, тауардың
бұзылуымен, ескіруімен байланысты шығындарды көтеріп,
тəуекелдің бір бөлігін өз мойындарына алады;
8. Нарық туралы ақпарат беру. Көтерме сатушылар өз
клиенттері мен жабдықтаушыларына бəсекелестердің қызметі,
жаңа тауарлар, баға динамикасы, т.б. туралы ақпарат беріп
отырады;
Достарыңызбен бөлісу: |