Жмц пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің ережелері (5-11- сыныптар) положение


IV Пилоттық мектептердегі оқу процесіне қатысушылардың



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата04.10.2022
өлшемі433.66 Kb.
#461894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Ағылшын тілінде оқыту ЕРЕЖЕ

IV Пилоттық мектептердегі оқу процесіне қатысушылардың 
құқықтары мен міндеттері 
IV.1 
Пилоттық мектептердегі оқу процесіне қатысушылардың 
міндеттері 
IV.1.1 
Пилоттық жоба жетекшісінің міндеттері (Пилот мектеп 
директорының орынбасары): 
IV.1.1.1 дайындық жұмыстарын ұйымдастырады – 7,11-сынып 
оқушылары және олардың ата-аналары (заңды өкілдері) арасында 
сауалнама/сұрақ-жауап жүргізеді; 
IV.1.1.2 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша білім 
алушылардың ата-аналарымен ынтымақтастық туралы келісім шарт жасайды 
(1-
қосымша); 
IV.1.1.3 Пилоттық жобаны мамандармен қамтамасыз етуді жүзеге 
асырады; 
IV.1.1.4 Пилоттық жобаның Шығармашылық тобының мүшелерімен 
ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды енгізу туралы келісім-шартқа 
отырады; 
IV.1.1.5 Пилоттық жобаның Шығармашылық тобының жұмысын 
үйлестіреді, әдістемелік көмек көрсетеді; 


9
IV.1.1.6 
білім алушылардың ата-аналары арасында тұрақты түсіндірме 
жұмыстарын жүргізеді; 
IV.1.1.6 Пилоттық жоба мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді. 
IV.1.2 
Пилоттық жобаның Шығармашылық тобы мүшелерінің 
міндеттері. 
IV.1.2.1 
Шығармашылық топ мүшесі- ағылшын тілі мұғалімінің 
міндеттері: 
IV.1.2.1.1 пәнді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі және ағылшын тілін 
меңгеру деңгейі бойынша кәсіби біліктілігін арттырады; 
IV.1.2.1.2 CLIL-
технологиясы бойынша біліктілігін арттырады; 
IV.1.2.1.3 ЖМЦ пән мұғалімдерімен бірге ағылшын тіліндегі оқу 
материалдарын (түпнұсқалық материал) әзірлейді; 
IV.1.2.1.4 Шығармашылық топ кездесулерінде кемінде екі аптада бір рет 
ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды талқылайды; 
IV.1.2.1.5 ЖМЦ пәндері бойынша білім алушылардың тілдік 
құзыреттіліктерін бағалауды жүргізеді; 
IV.1.2.1.6 ЖМЦ пәндері бойынша тілдік құзыреттіліктерді жиынтық 
бағалау тапсырмаларын әзірлейді; 
IV.1.2.1.7 тәжірибе алмасу, бірлескен іс-қимылдарды келісу мақсатында 
Пилоттық жобаға қатысушы-мұғалімдердің сабақтарына қатысады, бейнежазба 
және сабаққа талдау жасайды; 
IV.1.2.1.8 білім алушылардың ата-аналары арасында тұрақты түсіндірме 
жұмыстарын жүргізеді; 
IV.1.2.1.9 Пилоттық жоба мониторингісіне қатысады. 
IV.1.2.2 
Шығармашылық топ мүшесі - ЖМЦ пән мұғалімінің міндеттері: 
IV.1.2.2.1 пәнді оқыту әдістемесі мен ағылшын тілін меңгеру деңгейі 
бойынша кәсіби біліктілігін арттырады; 
IV.1.2.2.2 CLIL-
технологиясы бойынша біліктілігін арттырады; 
IV.1.2.2.3 ағылшын тілі мұғалімдерімен бірлесіп, өз пәні бойынша 
ағылшын тілінде оқу материалдарын әзірлейді; 
IV.1.2.2.4 Шығармашылық топ отырыстарында, кемінде екі аптада бір 
рет, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды талқылайды; 
IV.1.2.2.5 өз пәні бойынша білім алушылардың құзыреттіліктерін 
бағалауды жүргізеді; 
IV.1.2.2.6 өз пәні бойынша білім алушылардың пәндік құзыреттіліктерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет