2004
жылы мемлекеттік емес сала арқылы тартылған несие мен қарыздың
нетто-кірісі 4,3 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік емес cектордың сыртқы
қарызының көлемінің өсуіне негізгі үлесті республиканың банк секторы қосты.
Жоғарғы ішкі сұраныс және халықаралық капитал нарығындағы қарыз
қорларының айтарлықтай төмен бағасы шетел капиталының ауқымды көлемінің
тартылуын ынталандырды. Қазақстандық қарызгерлер үшін шетелдік
капиталдың бағасының төмендеуіне Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігінің
жоғары бағасы себепші болды. Инвестициялық категорияларға қатысты
рейтингтер тұтас алғанда республикада ірі халықаралық рейтинг агенттіктері
бергені сияқты, сонымен қатар жетекші қазақстандық банктерге де берілді.
2004
жылы екінші деңгейлі банктер 6,3 млрд. доллар қарыз алды, соңында банк
секторының сыртқы қарызы бір жыл ішінде 3,2 млрд. аса долларға өсті. Банктік
емес сектордың аффилирденген кредиторлардың алдындағы қарызы 1,0 млрд.
долларға өсті, бұл республиканың кәсіпорындары ұзақ мерзімді несиені
өндіруінің көлемінің 1,4 есе артқанымен байланысты. Тұтас алғанда 2004 жылы
Қазақстанның сыртқы жалпы қарызы 9 млрд.
долларға жетті және жылдың
соңына қарай 31,9 млрд. доллардан асты».
Достарыңызбен бөлісу: