төмендеуіне әкеледі, өйткені олар өз өнімдерін сыбайлас жемқорлық өте аз елде
өндірген.
Қазақстанның
ДСҰ-ға енуі, тауар әкелуде кеден кедергісі алынуы өз өніміне
сыбайлас жемқорлар үшін баға көтерген кәсіпорындарды банкроттыққа әкелуі
мүмкін. Қазақстан сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық даму
процесін тежейтінін,
нарықтық экономиканы құруды, инвестиция тартуды
әлсіретіп, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері
әсер ететінін, ел дамуының болашағына елеулі қатер төндіретінін мойындайды.
Сондықтан Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу
саласында халықаралық
ынтымақтастық дамуда. Шетел мемлекеттерінің арнаулы қызметі, құқық қорғау
органдарымен, халықаралық үкіметтік емес ұйымдарын сыбайлас жемқорлықпен
күрес мәселесі бойынша ынтымақтастықты, өзара әрекет етуді нығайту, жолға қою
жұмыстары жасалуда. 2004 жылдың 14 желтоқсанында
экономикалық бірігіп
әрекет ету және даму ұйымы (ОЭСР) кеңесу тобының бір дауысты шешімімен ҚР
Стамбулдың сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша іс әрекет жоспарына
енгізілді. Біздің мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы саясатын
халықаралық ұйымдары мен көпшілік өкілдері оң бағалады, сондай-ақ
республиканың халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылысы да өз бағасын алды.
Стамбулдың сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша іс-әрекет жоспарына 2005
жылдың 20-21 қазанында Париж қаласында
кеңесу тобы кездесуі болды, онда
Қазақстандағы
сыбайлас
жемқорлықпен
күрес
мәселесі
бойынша
институциональдық база және құқықтық заң шығару туралы ақпарат берілді.
Қазіргі таңда ҚР «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы»
(Страсбург, 1999 жыл 27 қаңтар), «Қылмыстық жолмен табылған табысты жою,
ашу, алу, кәмпескелеу туралы» (Страсбург, 1990 жыл 8 қараша), БҰҰ сыбайлас
жемқорлыққа қарсы Конвенциясы (2003 жылдың 31 қазаны) халықаралық
конвенцияларына қосылуы бойынша жұмыс жалғасуда.
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күреске байланысты бірқатар конвенцияларға қол қойылды:
•
ҚР Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасында
ұйымдастырылған қылмысқа қарсы, есірткі заттарының заңсыз айналымына,
оларды шығаруға пайдаланылатын прекурсорлар мен химиялық заттар, ақыл
естен айыратын заттар, терроризммен және қылмыстың басқа түрлеріне де
қарсы күрес туралы ынтымақтастық туралы келісім (Рим қаласы, 2009 жыл 5
қараша).
•
ҚР Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы келісім (Астана қаласы, 2009 жыл 6
қазан).
•
Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығы Үкіметі басшысы кеңесінің
«Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығына
қатысушы мемлекеттердің
салықтық
(қаржылық)
зерттеу
органдарының
басшылығының
Координациялық кеңесінің қызметі туралы» шешімі (Ялта, 20 қараша 2009
жыл).
•
Достарыңызбен бөлісу: