шараларының қажеттілігін басшылыққа түсіндіру өте қиын. Дегенмен, мемлекеттік
АҚ-ға ерте ме немесе кеш пе инвестициялар қажет болатындығы сөзсіз. Егер де
жауапкершілігі бар әлеуметтік және әдепті корпоративті
азамат имиджі құрылысын
қазірден бастамаса, онда олардың қағаздарын, облигацияларын кім сатып алмақ?
Адамгершілік және даму.
Менің ойымша, корпоративті мәдениет құрылысы, іскерлік әдептілік
нормаларын сақтау корпоративті басқарудың өте маңызды құралы болып
табылатындығын дәлелдеуге жоғарыда келтірілген мысалдар жеткілікті сияқты.
Егер де
жетекшілер, қызметкерлер, клиенттер, инвесторлар және өзге де мүдделі
тұлғалар мекеменің жоспарларына, оның дамуына қолдау көрсетуін қаласақ, онда
осы адамгершілік қағидаларын қалыптастырумен, мекеменің іскерлік мәдениетімен
айналысқан жөн.
Мұндай маңызды мәселелермен кәсіпорындар,
мекемелер көбірек айналысу
үстінде. Корпоративті мәдениет құрылысындағы мәселе акционерлер мен
директорлар кеңесі болып табылады, ал оған жетекшілер көмектеседі. Ұжымдық
мәдениет жүйесін жұмысшылар қызметі қолдайды.
Корпоративті басқару кодексі және әдеп кодексі
акционерлік қоғамдағы
ұжымдық басқарудың мәдениет квинтэссенциясы болып табылады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.
Корпоративті мәдениет деген не?
2.
Корпоративті мәдениеттің қандай элементтерін білесіз?
3.
Мекеме тапсырмасы дегеніміз не? Оның мақсаттардан айырмашылығы неде?
4.
Компания басшылығы мен қызметкерлеріне жоғарғы деңгейдегі мәдениет
элементтерінің ықпал етуі қандай?
5.
Сіздің оқу орныңызда төменгі деңгейдің қандай элементтері бар және олар
қалай жұмыс жасайды?
6.
Коллективте адамгершілік қағидаларының бұзылуы неге алып келеді?
7.
Мекеме мәдениеті акционерлер және инвесторлар шешіміне қалай ықпал
етеді?
1
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
Kroeber A., Kluckholn C. Culture: a critical review of concepts and definitions //Cambridge, MA: Peabody
Museum, 1952. Vol
. 47, № 1, P 96-97
2
Льюис Р. Халықаралық бизнестегі іскерлік мәдениет. Қақтығыстан өзара түсіністікке дейін: ағылшын
тілінен аударылған – 2- басылым – М.: Дело, 2001. – 50 б.
3
Пригожин А.И. Мекеме дамуының әдістері. – М.: МЦФЭР, 2003. – 707 б.
4
Schawrtz H., Davis S. Matching corporate culture and Business Strategy // Organizational
Dynamics, 1981.
Vol.10. – P.33
5
Williams A., Dobson P., Walters M. Changing Culture: New Organizational Approaches. – London: Institute of
Personnel Management, 1993. – P.18
6
Пригожин А.И. Мекеме дамуының әдістері. – М.: МЦФЭР, 2003. – 707 б.
7
Бизнесті ұйымдастыру және басқару: жеткеші құралдары. – CD. – «Равновесие медиа» ЖШҚ, рәсімдеу,
басылым, 2004, - «Диполь» Бірлестігі, жобалау, 2004
8
Википедия
9
http://examen.od.ua/strateg/page57.html
10
http://examen.od.ua/shpora/mission.html
11
http://www.iteam.ru/publications/strategy/section_15/article_1636/
224