Қазақстан жолдары” Акционерлік компаниясы” акционерлік қоғамы (“Қазақстан жолдары” АҚ) Акциялар шығарылымының Проспектісі



Дата23.02.2016
өлшемі251.99 Kb.
#7290
Қазақстан жолдары” Акционерлік компаниясы”

акционерлік қоғамы

(“Қазақстан жолдары” АҚ)

Акциялар шығарылымының

Проспектісі

“Өкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізуі инвесторларға проспектіде сипатталған акцияларды алу жайлы әлдеқандай нұсқаулар беру деген мағынада түсінілмейді. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізген өкілітті орган осы құжыттағы мәліметтердің нақтылығына жауапты емес. Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасының заңдылығының талаптарына сәйкестендіруге бағыттталған. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі мәліметтердің нақтылығына жауапты, осы мәліметтердің нақтылығын және де инвесторларды Қоғам және орналастырылған акциялар жайлы әбестікке ұшыратпайтынын растайды”.


1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер:

“Қазақстан жолдары” Акционерлік компаниясы” ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жыл 21 маусымындағы № 1251 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік меншік жөнінде мемлекеттік комитетінің 1993 жыл 5 тамызындағы № 2/23 қаулысы және 1993 жыл 10 тамыздағы құрылтайшы келісім-шарт негізінде құрылған “Қазақстан жолдары” мемлекеттік акционерлік компаниясын қайта құру нәтижесінде құрылды.

Қоғам “Қазақстан жолдары” МАК-ның балансында есептелінген және соның иелігіндегі барлық мүлікке, оның ішінде айналымдағы қаржыларға, жылжымайтын мүлік нысандарына, құнды қағаздарға меншік құқығының, және де “Қазақстан жолдары” МАК-ның барлық мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерінің құқық мұрагері болып табылады, ол құқықтар Қоғам акционерлері Жалпы жиналысының 1995 жылғы 10 қарашадағы шешіміне сәйкес Қоғамға өтті.
1. Акционерлік қоғамның атауы:

Қоғамның толық атауы:

мемлекеттік тілде: “Қазақстан жолдары” Акционерлік компаниясы” акционерлік қоғамы

орыс тілінде: Акционерное общество “Акционерная компания “Казахстан жолдары”

Қоғамның қысқартылған атауы:

мемлекеттік тілде: “Қазақстан жолдары” АҚ

орыс тілінде: АО “Казахстан жолдары”
Қоғамның құрылтайшы құжаттарын 2003 жыл 13 мамырдағы “Акционерлік қоғамдар туралы” жаңа заңға сәйкестендіру қажеттігінен туындаған 2004 жылы 19 қыркүйекте жүзеге асырылған қайта тіркеуге дейін Қоғамның мынандай атаулары болды:
Қоғамның мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Қазақстан жолдары” Акционерлік компаниясы” ашық акционерлік қоғамы

Қоғамның мемлекеттік тілдегі қысқартылған атауы: “Қазжол” АК


Қоғамның орыс тіліндегі толық атауы: открытое акционерное общество “Акционерная компания “Казахстан жолдары”

Қоғамның орыс тіліндегі қысқартылған атауы: АК “Қазжол”


Қоғамның ағылшын тіліндегі толық атауы: open joint-stock company “Kazakhstan joldarih”;

Қоғамның ағылшын тіліндегі қысқартылған атауы: JSC Kazjol


3. Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер: Мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2004 ж. 19 тамызда № 1448-1910 куәлік Алматы қаласы бойынша әділет департаментімен берілген.
4. Салық төлеушінің тіркелу нөмірі: № 600700065578
5. Қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, индексі 480091, Гоголь көшесі, 86, тел.: 8 (3272) 79-21-22, e-mail: kz-zholdary.kz.
6. Қоғамның банктік деректемелері: Алматы қ. “АСҚ Банк” АҚ-дағы е/ш № 061467262, БИК 190501956, Алматы қ. “Каспий Банкі” АҚ “Орталық” филиалындағы е/ш № 100467108, БИК 190501959.

7. Қызметінің түрлері: өндірістік; коммерциялық, оның ішінде жабдықтау, өткізу, құрылтайшылық; инвестициялық; инновациялық; қаржылық; құнды қағаздарды шығару, өткізу, басқару және басқа операциялар; ғылыми-зерттеу; жобалық-енгізу; сыртқы экономикалық; делдалдық; маркетингтік; дилерлік; консалтинг; және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызмет.

Қоғам қызметінің мәні болып табылатындар:

  • құрылыс, консалтинг, жобалау, пайдалану, және жол-көлік кешеніндегі және басқа саладағы басқа да жұмыстарды орындау;

  • Қоғам қатысушыларына еңбек нарығында жұмыс алуда қызмет көрсету, сол мақсатта Қазақстан Республикасында және шетелде байқауларға және тендерлерге қатысу;

  • Қазақстан Республикасының аумағында жол-көпір және өнеркәсіп-азаматтық маңыздағы жаңа мамандандырылған қуаттылықтарды ұйымдастыру, және бар қуаттылықтар техникалық қайта жабдықталуына ықпал ету;

  • жол-құрылыс мәшинелерін, жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да механизмдерді алып, олармен өз мамандандырылған қуаттылықтарын жабдықтау үшін лизинг ұйымдарымен өз-ара әрекеттесуді жүзеге асыру, және де лизинг операцияларын тікелей Қоғамның өзі жүзеге асыруы;

  • экспорт-импорттық операцияларды жүзеге асыру;

  • Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында жылжымалы және жылжымайтын мүліктің барлық түрлерін иелену, құрылысын салу, бөлектендіру, жалға алу және де жеке және заңды тұлғаларға жалға беру;

  • Қазақстан Республикасының аумағында халыққа тауарлар мен қызметтерді өткізу үшін мамандандырылған бөлшек сауда кәсіпорындарын, фирмалық дүкендерді ұйымдастыру;

  • Қоғамының технологиялық байланысқан өндірістерінің өз-ара әрекеттесуін қамтамасыз ету, Қоғамның акционерлік қоғамдары мен ұйымдарының техникалық қайта жарақтануына ықпал жасау;

  • республиканың көлік-жол кешенін инвестициялауға шетел капиталын іздеу және тарту, республиканың аумағында және шетелде шетелдік әріптестермен біріккен ұйымдарды, фирмаларды және өкілдіктерді құру;

  • Қоғам қатысушыларына қаржылық, ғылыми-техникалық және басқа да қызмет көрсету және басқа ұйымдарға кадрларды дайындау және қайта дайындау бойынша қызмет көрсету;

  • Қоғам акционерлік капиталының қозғалысын және диверсификациясын реттеу;

  • басқа акционерлік қоғамдар мен компаниялардың акцияларын және басқа да құнды қағаздарын айырбастау, сатып алу, сату;

  • Қоғам қатысушыларына құқықтық қызмет көрсету, түрлі мемлекеттік, сот, құқық қорғау және басқа да органдарында олардың өкілі болу және мүдделерін қорғау;

  • әрекеттегі заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қызмет және қызмет көрсету түрлері.


8. Халықаралық рейтингтік агенттіктер немесе Қазақстан Республикасының рейтингтік агенттіктері акционерлік қоғамға немесе оның шығарылған құнды қағаздарына берген рейтингі туралы мәліметтер: Қоғамның аталған рейтингтері жоқ.
9. Қоғамның Астана қаласында өкілдігі бар.

Өкілдіктің толық атауы: “Қазақстан жолдары” Акционерлік компаниясы” акционерлік қоғамының өкілдігі, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Пушкин көш., 91/1, индексі 473000.


10. Қоғамның аудиторлық ұйымының атауы: “Гамма-Аудит” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., индекс 480091, Желтоқсан көш., 115, оф. 155, тел.: 8 (3272) 72-97-67, Директоры Төлегенова Г., аудитордың біліктілік куәлігі № 0000468 1998 ж. 14 қарашысында берілген.
11. Қоғамның Директорлар кеңесі: Директорлар кеңесі 5 адамнан тұрады.


  1. Директорлар кеңесінің төрағасы – Нүрпеиісов Қуаныш Қали ұлы, 1959 ж.т.

Соңғы үш жыл ішінде атқарған қызметі:

- 1997-2002 ж.ж. - Қарағанды облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы;

- 2002-2003 ж.ж. - Алматы қ. бойынша Салық комитетінің төрағасы.

Иелігіндегі акцияларының саны 10 дана, ол шығарылған акциялардың жалпы санынан 0,002 % құрайды.




  1. Таурбеков Ораз Қайса ұлы, 1968 ж.т.

Соңғы үш жыл ішінде атқарған қызметі:

- 1992-2002 ж.ж. - Павлодар облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы;

- 2002-2003 ж.ж. - Астана қ. бойынша Салық комитетінің төрағасы;

- 2003-2004 ж.ж. - “KZ-Инвест” ЖШС Бас директоры.

Иелігіндегі жай атаулы акциялардың саны 37 039 дана, артықшылықты акциялар - 170 дана, ол шығарылған акциялардың жалпы санынан 8,318 % құрайды.


  1. Ботабаев Бауыржан Әбіш ұлы, 1961 ж.т.

Соңғы үш жыл ішінде атқарған қызметі:

- 2000 жылдан бастап осы уақытқа дейін – “F-Консалт” ЖШС Директоры.

Иелігіндегі жай атаулы акциялардың саны 35 863 дана, артықшылықты акциялар - 92 дана, ол шығарылған акциялардың жалпы санынан 8,038 % құрайды.


  1. Лазарев Валерий Альберт ұлы, 1962 ж.т.

Соңғы үш жыл ішінде атқарған қызметі:

- 1997-2002 ж.ж. – “ДСП-6” ЖШС Бас директоры;

- 2002 жылдан бастап осы уақытқа дейін – “К-Дорстрой” ААҚ Бас директоры.

Иелігіндегі жай атаулы акциялардың саны 10 дана, ол шығарылған акциялардың жалпы санынан 0,002 % құрайды.




  1. Галиев Тұрсынхан Тәкен ұлы,

Соңғы үш жыл ішінде атқарған қызметі:

- 1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін – “Интео” ЖШС Директоры.

Иелігіндегі акцияларының саны –0- дана, ол шығарылған акциялардың жалпы санынан –0- % құрайды.

2000 жылдан 2004 жылдың 2 шілдесіне дейінгі кезең ішінде Қоғамның Директорлар кеңесі жеті адамнан тұрды:



  1. Гончаров Борис Леонид ұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы;

  2. Бернер Израил Исаак ұлы;

  3. Процентов Виталий Николай ұлы;

  4. Қисықбаева Гүлжиям Қисықбай қызы;

  5. Никитинская Екатерина Сергей қызы;

  6. Бекболатов Шамиль Хайрұлла ұлы;

  7. Жуков Виктор Леонид ұлы.


12. Атқарушы орган: Қоғамның Атқарушы органы коллегиялық, ол Басқарма төрағасының басшылығында бес адамнан тұрады:
1) Басқарма төрағасы - Таурбеков Ораз Қайса ұлы, 1968 ж.т.

Соңғы үш жыл ішінде атқарған қызметі:

- 1992-2002 ж.ж. - Павлодар облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы;

- 2002-2003 ж.ж. - Астана қ. бойынша Салық комитетінің төрағасы;

- 2003-2004 ж.ж. - “KZ-Инвест” ЖШС Бас директоры.

Уәкілеттігі және функционалды міндеттері:

- кәсіпорынның қызметін жалпы басқару.

Иелігіндегі жай атаулы акциялардың саны 37 039 дана, артықшылықты акциялар - 170 дана, ол шығарылған акциялардың жалпы санынан 8,318 % құрайды.


2) Алишпанов Бек Болат ұлы, 1968 ж.т.

Соңғы үш жыл ішінде атқарған қызметі:

- 2000-2002 ж.ж. – ҚР Мемлекеттік табыс министрлігі, әкімшілік жүргізу департаменті директорының орынбасары;

- 2002-2003 ж.ж. – ҚР Қаржы министрлігі, Астана қ. бойынша Салық комитеті, төрағаның орынбасары.

Уәкілеттігі және функционалды міндеттері:

- кәсіпорынның әкімшілік қызметтерінің қызметін бақылау және үйлестіру.

Иелігіндегі жай атаулы акциялардың саны 100 дана, ол шығарылған акциялардың жалпы санынан 0,022 % құрайды.
3) Ордабаев Әсет Тұрсын ұлы, 1973 ж.т.

Соңғы үш жыл ішінде атқарған қызметі:

- 1995-04.2002 ж.ж. – Алматы қаласы Қазыбек би ауданы бойынша Салық комитеті, салық инспекторы;

- 04.2002-08.2002 ж.ж. – Қарағанды облысы бойынша Салық комитеті, жеке тұлғалар аудиті бөлімінің бастығы;

- 08.2002- 06.2003 ж.ж. – Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитеті, заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бастығы;

- 06.2003 -08.2003 ж.ж. – Астана қ. бойынша Салық комитеті, салық апеляциялары бөлімінің бастығы;

- 08.2003-05.2004 ж.ж. - “KZ-Консалт” ЖШС, кеңесші.

Уәкілеттігі және функционалды міндеттері:

- бағыныштағы бөлімшелердің қызметін бақылау және үйлестіру.

Иелігіндегі жай атаулы акциялардың саны 150 дана, ол Қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 0,033 % құрайды.


4) Сұлтансихов Темірболат Жантолы ұлы, 1977 ж.т.

Соңғы үш жыл ішінде атқарған қызметі:

- 1992-2002 ж.ж. – “Казахинстрах” Шетелдік сақтандыру компаниясы” ЖАҚ, филиалдармен жұмыс бойынша маман;

- 2002-2004 ж.ж. - “Мұнай сақтандыру компаниясы” ААҚ, жеке сақтандыру бөлімінің бастығы.

Уәкілеттігі және функционалды міндеттері:


  • филиалдарға барлық жеке сақтандыру түрлері бойынша кеңес беру және үйлестіру.

  • Сақтандыру түрлері бойынша статистика, талдау жұмысын жүргізу.

Иелігіндегі жай атаулы акциялардың саны 11 дана, артықшылықты акциялар –
1 529 дана, ол шығарылған акциялардың жалпы санынан 0,34 % құрайды.
5) Әбдрәсілова Әлфия Сәмет қызы, 1964 ж.т.

Соңғы үш жыл ішінде атқарған қызметі:

- 1999-2004 жылдан осы уақытқа дейін – “Бәйтерек”, “Инар” ЖШС Қаржы директоры;

Уәкілеттігі және функционалды міндеттері:



  • кәсіпорынның қаржылық қызметін басқару;

  • (перспективалық, ағымдағы, оперативтік) жоспарлау;

  • инвестициялық қызметті бақылау;

  • өндіріс-шаруашылық қызметті талдау.

Иелігіндегі жай атаулы акциялардың саны 100 дана, ол Қоғамның шығарылған акцияларының жалпы санынан 0,022 % құрайды.
13. Директорлар кеңесінің мүшелеріне, атқарушы органның мүшелеріне және басқа басқарушы қызметкерлерге соңғы қаржы жылы ішінде төленген сыйақы: 28 295 274 (жиырма сегіз миллион екі жүз тоқсан бес мың екі жүз жетпіс төрт) теңге.
12. Қоғамның ұйымдастыру құрылымы:

Қоғамның жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы,

Басқару органы – бес адамнан тұратын Директорлар кеңесі,

Атқарушы орган – Төрағамен басқарылатын Басқарма.

Қоғам қызметкерлерінің жалпы саны өкілдіктің қызметкерлерін қосқанда 48 адамды құрайды.

Қоғамның акцияларын иеленген қызметкерлердің жалпы саны – 20 адам, шығарылған акциялардың жалпы санынан олардың жалпы саны 18,13 % құрайды.



Қоғамның ұйымдастыру құрылымы





Қызметі

Тегі, Аты, Әкесінің аты

Туылған жылы

1. Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесінің төрағасы

Нұрпеисов Қуаныш Қали ұлы

1959 ж.

Директорлар кеңесінің мүшелері

1) Галиев Тұрсынхан Тәкен ұлы

02.05.1948




2) Таурбеков Ораз Қайса ұлы

15.12.1968 ж.




3) Лазарев Валерий Альберт ұлы

1962




4) Ботабаев Бауыржан Әбіш ұлы

1961




2. Басқарма

Басқарма төрағасы

Таурбеков Ораз Қайса ұлы

15.12.1968 ж.

Басқарма мүшелері

1) Алишпанов Бек Болат ұлы

08.02.1966 ж.




2) Әбдрәсілова Әлфия Сәмет қызы







3) Сұлтансихов Темірболат Жантолы ұлы

29.11.1977 ж.




4) Ордабаев Әсет Тұрсын ұлы

31.08.1973 ж.




3. Бизнесті дамыту бойынша дирекция

Басқарушы директордың орынбасары

Кубейсинов Рафи Гиноят ұлы

12.09.1957 ж.

А) Жобалар бөлімі

Бөлім бастығы

Аманжолов Мирас Қадыр ұлы

19.03.1958 ж.

Бас маман

Тагирова Эльвира Амангельді қызы

13.12.1978 ж.

Б) Құрылымды қаржыландыру бөлімі




4. Жобалау дирекциясы

Басқарушы директордың орынбасары

Бостанжиев Константин Радион ұлы

29.12.1938 ж.

А) Іздестіру жұмыстарының бөлімі

Б) Жолдар мен құрылыстарды жобалау бөлімі

В) ПГС нысандарын жобалау бөлімі




5. Жол және құрылыстарды салу дирекциясы

Басқарушы директор

Әбдрәсілова Әлфия Сәмет қызы

27.11.1964 ж.

Басқарушы директордың орынбасары

Акритидис Юрий Николай ұлы

10.11.1937 ж.

А) жобалық инжиниринг және тендерлік құжаттаманы дайындау бөлімі

Бас маман

Разуваева Лариса Марат қызы

14.01.1946 ж.

Бас маман

Мерняева Марина Павел қызы

23.03.1935 ж.

Маман

Алесенко Роза Каип қызы

27.11.1971 ж.

Б) Жобаларды техникалық және технологиялық бақылау және сүйемелдеу бөлімі

6. Өнеркәсіп-азаматтық құрылыс дирекциясы

Инженер

Петрова Тамара Николай қызы

06.02.1943 ж.

А) Жобалық инжиниринг және тендерлік құжаттаманы дайындау бөлімі.

Б) Жобаларды техникалық және технологиялық бақылау және сүйемелдеу бөлімі.




7. Жылжымайтын мүлікті басқару дирекциясы.

Басқарушы директор

Сұлтансихов Темірболат Жантола ұлы

29.11.1977 ж.

Басқарушы директордың орынбасары

Кесікбаева Гүлжиян Кесікбай қызы

02.02.1951 ж.

А) жалдаушылармен жұмыс жүргізу бөлімі

Бөлім бастығы

Бричкин Александр Лев ұлы

21.08.1955 ж.

Бас маман

Гасюк Борис Николай ұлы

28.11 1949 ж.

Маман

Сычева Галина Николай қызы

09.10.1961 ж.

Маман

Сергутина Лариса Рафоел қызы

24.01.1963 ж.

Материалдық қойманың меңгерушісі

Нисембаев Мәжіт Төлеген ұлы

20.11.1941 ж.

Коммендант

Валеева Наталья Николай қызы

21.08.1958 ж.

Әкімші

Мирошниченко Ирина Василий қызы

25.06.1963 ж.

Б) Техникалық қамтамасыз ету және коммуналдық қызметтермен жұмыс жүргізу бөлімі

Бөлім бастығы

Дюзьбаев Асқар Садық ұлы

22.10.1965 ж.

Бас эенргетик

Соловьев Геннадий Петр ұлы

07.05.1951 ж.

Экономист

Николаева Таисия Николай қызы

16.08.1954 ж.

Маман

Махмудова Татьяна Роберт қызы

04.03.1973 ж.

Маман

Бухтина Валентина Иван қызы

20.08.1947 ж.




8. Қаржы департаменті

Департамент директоры

Ордабаев Әсет Тұрсын ұлы

31.08.1973 ж.

Департамент директорының орынбасары, бас бухгалтер

Нұрғазин Әлен Алтай ұлы

18.02.1977 ж.

Департамент директорының орынбасары, бас аудитор

Тлепов Мелс Байбоз ұлы

06.02.1940 ж.

А) ОБ-пен жұмыс жүргізу және капиталды басқару бөлімі

Маман

Греля Наталья Николай қызы

01.02.1955 ж.

Б) Бухгалтерия

Бөлім бастығы, бас бухгалтердің орынбасары

Бегімбаева Ақалтын Нұрғали ұлы

23.09.1961 ж.

Бухгалтер

Федорченко Анна Иван қызы

16.02.1956 ж.

Бухгалтер-кассир

Күлжанова Аклима Шәріп қызы

13.02.1960 ж.

Маман

Сұлтансихова Жәмилә Жантолы қызы

28.08.1982 ж.




9. Заң департаменті

А) Келісім-шарттар бөлімі.

Б) Талап-шағым жұмысы бөлімі




10. Әкімшілік департаменті

Департамент директоры

Әлішпанов Бек Болат ұлы

08.02.1966 ж.




А) Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі департамент

Бөлім бастығы

Қожабекова Гүлзина Жарылқап қызы

29.02.1952 ж.

Б) Ақпараттық қамтамасыз ету және құжаттар айналымы бөлімі

Бас маман

Федорченко Александр Павел ұлы

15.02.1955 ж.

Бас маман

Бекбаева Шынар Марат қызы

18.04.1979 ж.

Маман

Мұқашова Айдын Төлеуғали қызы

30.10.1982 ж.

В) шаруашылық қамтамасыз ету бөлімі

Бас маман

Балмахаев Рахманали Әуес ұлы

01.01.1941 ж.

“Қазақстан жолдары” Акционерлік Компаниясы” АҚ Астана қаласындағы өкілдігі




Қызметі

Тегі, Аты, Әкесінің аты

Туылған жылы

Өкілдіктің басшысы

Колосовский Михаил Михаил ұлы

01.01.1944 ж.

Бас маман

Тепляшин Владимир Александр ұлы

12.07.1946 ж.

Комендант

Мусинова Кулимкоз

16.12.1948 ж.


15. Қоғамның құрылтайшылары (акционерлері): 815 тұлға қоғамның акционері болып табылады, олардың ішінде заңды тұлғалар – 32 , жеке тұлғалар – 783, номиналды ұстаушылар – 0.

Орналастырылған акциялардың он және одан да көп пайызын иеленген акционер болып табылатындар:



  1. “F-Консалт” ЖШС (мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85), иелігіндегі жай атаулы акциялардың саны 121 312 дана, ол орналастырылған акциялардың жалпы санынан 27,12 % құрайды;

  2. “Интео” ЖШС (мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 37А), иелігіндегі жай атаулы акциялардың саны 127 250 дана, ол орналастырылған акциялардың жалпы санынан 28,44 % құрайды;

  3. “К-Дорстрой” АҚ (мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 2-Нагорная көшесі, 1), иелігіндегі жай атаулы акциялардың саны 125 555 дана, ол орналастырылған акциялардың жалпы санынан 28,6 % құрайды;


16. Қоғам ірі акционері болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер:

Қоғам мынандай ұйымдарда ірі акционер болып табылады:



  1. “Зеленый бор” Шипажайы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Щүчинск қ., Зеленый бор шипажайы, Қоғамның иелігіндегі жарғылық капиталдағы үлес 100 % құрайды, қызмет түрі – емдеу-сауықтыру, директоры – Червенко Василий Михаил ұлы.

  2. “Автожолдар ақпарат-техникалық орталығы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Гоголь көш., 86, Қоғамның иелігіндегі жарғылық капиталдағы үлес Серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерінен 50 % құрайды, қызмет түрі – ақпараттық қызмет көрсету, директоры – Артеменко Юрий Виктор ұлы.

  3. “Целинтрансстрой” ашық акционерлік қоғамы, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 115, Қоғамның иелігіндегі жарғылық капиталдағы үлес орналастырылған акциялардың жалпы санынан 31 % құрайды, қызмет түрі – автокөлік жолдарының құрылысы, директоры – Қабылдин Асат Мұсағалы ұлы.

  4. “Ремдортехника” жауапкершілігі шектеулі серіктестік, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Стасов көш., 102А, Қоғамның иелігіндегі жарғылық капиталдағы үлес Серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерінен 20 % құрайды, қызмет түрі – жол техникасын жөндеу, директоры – Ширяев Михаил Алексей ұлы.

  5. “Сервисмашиспытание” ашық акционерлік қоғамы, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Розов көш., 72, Қоғамның иелігіндегі жарғылық капиталдағы үлес орналастырылған акциялардың жалпы санынан 20 % құрайды, қызмет түрі – арнайы жабдықты сынақтан өткізу, директоры – Селиванов Геннадий Петр ұлы.

  6. “Спецстроймонтажавтоматика” ашық акционерлік қоғамы, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бөкейханов көш., 510, Қоғамның иелігіндегі жарғылық капиталдағы үлес орналастырылған акциялардың жалпы санынан 16 % құрайды, қызмет түрі – автоматикалық техниканы өндіру және монтаждау, директоры – Косенко Евгений Константин ұлы.

  7. “Қазжол-Инвест” акционерлік қоғамы, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Гоголь көш., 86, Қоғамның иелігіндегі жарғылық капиталдағы үлес орналастырылған акциялардың жалпы санынан 100 % құрайды, қызмет түрі – инвестициялық, директоры – Ордабаев Әсет Тұрсын ұлы.

  8. “Мостоспецстрой-Астана” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Промышленный кенті, Қоғамның иелігіндегі жарғылық капиталдағы үлес Серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерінен 50 % құрайды, қызмет түрі – көпірлер құрылысы, директоры – Сурин Владимир Михаил ұлы.


17. Қоғам қатысатын өндірістік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, ассоциациялар, консорциумдар туралы мәліметтер: Қоғам “Қазақстан құрысшыларының қауымдастығы” Республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің қатысушысы болып табылады (Алматы қаласы, 480004, Фурманов көш., 65).
18. Қоғамның басқа аффилилендірілген тұлғалары туралы мәліметтер: Қоғамның осы Проспектінің 11-16 тармақтарында көрсетілгендерден басқа аффилилендірілген тұлғалары жоқ.
19. Қоғам қызметінің сипаттамасы: заңды және жеке тұлғалардың жеке түріндегі меншігі бар “Қазақстан жолдары” акционерлік қоғамы өз қызметін өз Жарғысына және Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Компания көп профильді құрылым ретінде қызмет көрсетулердің түрлі кешенін жүзеге асырады. Ол құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстарын, қаржылық, сауда, шипажай-курорттық, медициналық, сервистік және басқа да қызмет көрсетулерді жүзеге асырады.

Қоғам жол-көлік кешенінің шаруашылығымен тығыз қатынаста өз жұмысын белсенді жалғастырып жүрді. Өткен жылдардағыдай, Қоғам тартылған жол және басқа да ұйымдармен бірлестікте Ақмола облысында қазіргі техникалық деңгейде жол және жалпы құрылыс сипаттағы жұмыстарды орындады.

2002-2003 ж.ж. Қоғам жалпы ұзақтығы 166 км Алматы-Астана, Алматы-Гүлшад (км 343-509) учаскесі автожолдарын қалпына келтіру, Астана қаласындағы Есіл өзені үстінен көпірі бар арналы автожолының құрылысын салу (№ 3 лот – диаметрі 2 ДУ 800 м арналы жылу трассасы) және Астана қ. “Каздорпроект” ААҚ әкімшілік ғимаратына қосымша құрылысты салу бойынша жұмыстарды жүзеге асырды.

“Қазақстан жолдары” акционерлік қоғамының жол-құрылыс жұмыстары нарығындағы негізгі бәсекелестері болып табылатындар: “Прогресс” корпорациясы, “Жамбылдорстрой” АҚ, “Трансстроймост” АҚ Қапшағай қ., “Афдан” АҚ, “Спецдорстрой” ЖШС және т.б.




20. Сатулардың табыстылығына оң әсер ететін факторлар:

  • өз өндірістік базасының болуы;

  • жабдықтар мен механизмдер;

  • жұмыстардың өндірілу мерзімдері;

  • жұмыстардың көлемі;

  • кадрлар.


Сатулардың табыстылығына теріс әсер ететін факторлар:

  • өз өндірістік базасының болмауы;

  • жабдықтар мен механизмдер;

  • кадрлар;

  • жұмыстардың өндірілу мерзімдерінің ұлғаюы;

  • аз көлем.


21. Өткізілген өнімнің (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтің) көлемі:

2002 жыл – 1.910,874 теңге

2003 жыл – 2.125.125 теңге

2004 жылы 2003 жылға қарағанда көлемнің 9 пайызға өсуі.


22. Компания өнімінің (жұмыстарының, қызметтерінің) негізгі тұтынушылары болып табылатындар: Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, Астана қаласының әкімшілігі және оның Департаменті.
23. Қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:

  • жұмыстардың маусымдық сипаты – 100 %;

  • компания жұмыстарды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырды;

  • нәтижесінде АҚ қызметі тоқтатылатын немесе өзгертілетін сот процесстері болған жоқ;

  • АҚ-ға және оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік жаза қолданылған жоқ.

Инфляциямен, девальвациямен, банк проценттерінің ставкаларымен және басқа да факторлармен шартталған тәуекелділік факторлары Компанияның қызметінде орын алуы мүмкін.
24. Инвестициялар: Компанияның басқа ұйымдар капиталында 7 415 433 мың теңге ұзақ мерзімді инвестициялары бар, оның ішінде:

Кәсіпорындардың атауы, орналасқан жері



Олардың жарғылық қорындағы үлес

ОАО «Спецстроймонтажавтоматика» г. Алматы

107 120 тенге


ОАО «Целинтрансстрой» г. Астана


460 377 тенге

ОАО «Ремдортехника» г. Алматы


104 775 тенге

ЗАО «Сервисмашиспытания» г. Алматы


287 968 тенге

АО «Казжол – Инвест» г. Алматы


585 000 тенге

ТОО «Мостоспецстрой» г. Астана


1 543 600 тенге

ТОО «Зеленый бор» г. Щучинск


530 000 тенге

ТОО «ИТЦ Автодорог» г. Алматы


300 000 тенге

АО «Банк Каспийский» г. Алматы


503 000 тенге

АО «Астана Энерго Сервис» г. Астана


879 593 тенге

ТОО «Клуб «Женис» г. Женис


1 500 000 тенге

ТОО «Газета Транскурьер» г. Алматы


500 000 тенге

Ассоциация «Автотранс» г. Алматы


114 000 тенге







Барлығы:

7 415 433 тенге


25. Дебиторлық берешек:

1) “Қазжол-Уют” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ., Гоголь көш., 86. Берешектің мөлшері 34 384 672,81 тенге. Өтеу мерзімі – 2004 жылдың 4-тоқсаны;

2) “Казахтранстехмонтаж” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Астана қ., И.Кутпанов көш., 20. Берешектің мөлшері 114 354 805 тенге. Өтеу мерзімі – 2005 жылдың 3-тоқсаны;

3) “Алсим Аларко Санайи тесислери Ве Тиджарет Аноним Ширкети”, Түркия, Истамбул қ., Наджатибей даңғылы, 84. Берешектің мөлшері 38 002 542,51 тенге. Өтеу мерзімі – 2004 жылдың 4-тоқсаны;

4) “Автодорсервис” Фирмасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ., Гоголь көш., 86. Берешектің мөлшері 21 350 244 тенге. Өтеу мерзімі – 2004 жылдың 4-тоқсаны;
25-1 Активтер: Құны активтерінің баланстық құнынан бес және одан көп пайызын құрайтын мүлікті Қоғам иелденбейді.
26. Қоғамның жарғылық капиталы: 50 000 000 (елу миллион) теңге, оның ішінде төленгені – 8 946 000 (сегіз миллион тоғыз жүз қырық алты мың) теңге.
25. Қоғамда займдар жоқ.
28. Қоғамның негізгі қызметін атқарумен байланысты кредиторлық берешегі.

Орындалған жұмыстар үшін қосымша мердігер ұйымдар алдындағы дебиторлық берешек. Тапсырыз берушілерден ақша түскен сайын өтеліп жатыр.

1) “Астана қ. Күрделі құрылыс департаменті” ММ, Астана қ., Иманбаев көш., 68А. Берешектің мөлшері 124 882 846 тенге. Өтеу мерзімі – 2005 жылдың 3-тоқсаны;

2) “Автодорсервис” Фирмасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ., Гоголь көш., 86. Берешектің мөлшері 37 460 440,99 тенге. Өтеу мерзімі – 2004 жылдың 4-тоқсаны;

3) “ПавлодарЭнергоПрект” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Павлодар қ., Торайғыров көш., 62. Берешектің мөлшері 7 752 007 тенге. Өтеу мерзімі – 2004 жылдың 3-тоқсаны;

4) “Қазжол-Сервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ., Гоголь көш., 86. Берешектің мөлшері 9 694 384,96тенге;

5) “Зеленый бор” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Щүчинск қ., “Зеленый бор” шипажайы. Берешектің мөлшері 10 865 001,76 тенге. Өтеу мерзімі – 2004 жылдың 4-тоқсаны;
29-42. Көрсетілген тармақтар қаржы ұйымдарына қатысты және Қоғаммен толтырылмайды.
43. Құнды қағаздардың шығарылымы туралы мәліметтер: Қоғам құжатталған тұрпаттағы акциялар шығарды, олардың саны – 447 300 дана, оның ішінде жай атаулы акциялар (KZ1C21140420) 432 100 дана, артықшылықты атаулы акциялар (KZ1P21140425) 15 200 дана. Бір акцияның номиналды құны 20 (жиырма) теңгені құрайды.

Акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган – Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша мемлекеттік комиссиясы (1997 ж. 17-ақпандағы № 02-2-15/922 құнды қағаздар эмиссиясын мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік).



Бір (жай, артықшылықты) акцияға дивиденд сомасы және соңғы екі қаржы жылының әр жылы бойынша акцияның әр түріне дивиденд сомасы: әр жай және артықшылықты акцияға дивиденд сомасы 4 теңгені құрады.

2002 жыл үшін төленген дивидендтер: жай атаулы акциялар бойынша – 1 728 400 теңге, артықшылықты акциялар бойынша – 60 800 теңге.

2003 жыл үшін Қоғамның Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жай атаулы акциялар бойынша дивидендтер төлеу жүзеге асырылған жоқ, артықшылықты акциялар бойынша төлем 60 800 теңгені құрады.
44. Жарияланған акциялар шығарылымы туралы мәліметтер: саны 2 484 800 (екі миллион төрт жүз сексен төрт мың сегіз жүз) дана жай атаулы акциялар, саны 15 200 (он бес мың екі жүз) дана артықшылықты акциялар.

Артықшылықты акциялар бойынша дивидендттердің кепілденген мөлшері - номиналдық құнынан 20 пайыз.


45. Қоғамның конверттелетін құнды қағаздары туралы мәліметтер: Қоғам конверттелетін құнды қағаздарды шығармайды.

45-1 Төлем агенті туралы мәлісеттер: Қоғамның төлем агенті жоқ.

46. Қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер: “Қор орталығы” жабық акционерлік қоғамы (қысқартылған атауы – “Қор орталығы” ЖАҚ), Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Мауленов көшесі, 92, тел.: 8 (3272) 67-63-45, 67-63-44, құнды қағаздар ұстаушыларының реестрін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия № 0406200253 2003 жылдың 16 мамырынды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген. Тіркеушімен жасалынған келісім-шарттың күні және нөмірі: 1996 жыл 26 желтоқсандағы № 51 Келісім-шарт.
47. Акциялар шығарылымына кеткен шығыс сомасы: 745 000 (жеті жүз қырық бес мың) теңге.
48. Инвесторлар үшін ақпарат: Қоғамның құрылтайшы құжаттарымен және акциялар шығарылымының проспектісімен мына мекен-жай бойынша танысуға болады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, индекс 480091, Гоголь көш., 86, тел.: 8 (3272) 79-21-22.

Басқарма төрағасы



қызметін атқарушы А.Т. Ордабаев

Бас бухгалтер А.А.Нургазин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет