Дивиденд
төлеу міндетін орындау әдісін , орнын Заң анықтамайды. Бұл
сұрақтар қоғам Жарғысында немесе үлеспайда төлеу туралы (хабарландыру)
шешімде шешіледі. Қоғамның үлеспайда саясатында үлеспайда төлейтін әдісі
мен орнын көрсетуге ұсыныс етуге болады.
Үлеспайда төлеу бойынша міндетті орындау
орны мен тәсілі анықталмаса,
Азаматтық кодекстің (АК) жалпы ережесі қолданылады. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 281-бабының
талаптарына сай
үлеспайда төлеудің міндетті орындары болып саналады:
-
міндет пайда болған кездегі кредитордың тұрағы, мекен-жайы;
-
егер кредитор-заңды тұлға болса, оның міндеттеме алған сәттегі тұрағы;
-
егер кредитор міндетін орындау кезінде мекенін ауыстырса,
оны қарыз
төлеушіге (қоғамға) білдірсе – кредитордың жаңа мекен-жайы; кредитор есебіне
міндетті орындау мекені өзгеруіне байланысты
кететін шығынды шығыны
жазыла отырып үлеспайда төлеу міндеті ақшамен төлеуге жатады. Хабарланған
үлеспайда алу акционердің қоғамға қатысты мүліктік құқығының бір бөлігін
талап ету құқығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: