төлеу компанияның капиталын бөлікке бөлу делінеді. Ақша құнының жоғары
екпні кезінде бұл тіпті өткір тұрған мәселе болады.
•
заңмен қойылған шектеу. Заңға сай үлеспайда
тек ағымдағы немесе
бөлінбеген пайдадан төленуі мүмкін. Егер оны жабатын жеткілікті табыс
болмаса оны төлемесе де болады. Кейде тіпті үлеспайда
деңгейінің өсуіне
заңмен шектеу де қоюға болады. Бұл шектеулер міндеттелмесе де,
ұсыныс
түрінде болса да сақталуы шарт. Көптеген елдерде заңмен екі схеманың біріне
рұқсат етілген: үлеспайда төлеуге есепті кезеңнің пайдасы мен өткен кезеңдердің
бөлінбеген пайдасы, болмаса пайда мен эмиссиялық табыс.
Қазақстан Заңында үлеспайда төлеуге қатысты төмендегіше шектеулер бар:
•
өз капиталының мөлшері теріс мәнде болса, не өз меншік капиталының
мөлшері үлеспайда төлеуден теріс болып қалса;
•
егер қоғамның төлеу мүмкіндігі болмаса, не қабілетінен айырылса...
•
егер сот не акционерлік қоғамның жалпы жиналысы шешімімен оны
жою туралы шешім қабылданса.
•
өндірісті кеңейтуге байланысты шектеу. Көптеген
кәсіпорындар,
әсіресе жаңа орнап жатқанда, өндірістің қуатын мақсатты түрде кеңейту үшін
қаржы көзін іздеу мәселесіне кез болады. Өндірісінің көлемін жоғары екпінмен
өрістеткен кәсіпорындарға қосымша керек заттар
алуға керек болғаны сияқты,
салыстырмалы түрде екпіні аса жоғары емес кәсіпорындарға да материалдық-
техникалық базасын жаңалауға қаржылық ресурстың
қосымша көзі керек
болады. Мұндай жағдайларда үлеспайда төлеуді шектеу практикасы көп
қолданылады.
•
Достарыңызбен бөлісу: