Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет136/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   422
Тарих философиясы
Вольтер адамзат тарихын философиялық жолмен сараптауда 
алғашқы iз салғандардың қатарына жатады.
Бiрiншiден, тарихшылар көсемдердiң жасаған iстерiнен гөрi, 
халықтардың өмiрiне көбiрек көңiл бөлулері керек.
Екiншiден, тарихшылар белгiлi халықтың рухани мәдениетiнiң 
мазмұнын мұқият зерттеуi қажет (оған ол мораль, өнер, философия, 
құқықтық және саяси көзқарастар, ғылыми деректер, әдебиет пен мифо-
логияны жатқызады) жалғыз ғана халықтың дiни сенiмiн қарастыру 
жеткiлiксiз.
Үшiншiден, адамзат дүниенi игеру жолындағы жасаған материалдық 
мәдениет те мұқият зерттелуi керек.
Төртiншiден, христиан елдерiнiң тарихы – ол бүкiл адамзат тари-
хымен тең емес. Сондықтан басқа халықтардың да тарихын зерттеп, 
оларды бүкiл адамзаттық тарихқа енгiзу қажет.
Вольтер қоғам дамуының, өзгеруiнiң қайнар көзiн адамдардың 
ой өрiсiнен, пiкiрлерiнен көредi. «Адамдардың пiкiрлерi дүниенi 
басқарады», – дейдi ол. Бiрақ ол пiкiрдi халықтың көпшiлiгi қолдауы 
керек. Олай болса, мемлекеттi басқарып отырған саясаткерлердiң 
ойы мен iс-әрекеттерi халықты бақытты, иә болмаса бақытсыз өмiрге 
әкеледi. Бүкiл адамзат тарихындағы мыңдаған жылдағы болған 
бақытсыздық, зардап шегу, қылмыс, әпербақандықтың бәрi – өкiмет 
басындағылардың арсыз билiгiнде болды деген қорытындыға келедi.
Бiрақ, сонымен қатар Вольтер өз заманына (ХVIII ғ.) көп үмiт 
артады, өйткенi ғылымның дамуы, өнердiң өрлеуi, зердеге негiзделген 
философиялық ойлар кеңiнен тарап, бұқара халықтың рухани деңгейiн 
өсiрiп жатыр. Ал мұндай өрлеу, Вольтердiң ойынша, өкiмет билiгiне 


196
«ағарған дана патшаның» келуiне себеп болады. Ол қоғамдағы 
зұлымдықты құртып, адамдардың бақытты өмiр сүруiне керектi 
жағдайларды жасайды деген оптимистiк өмiршеңдiк оймен өзiнiң тарих 
философиясын аяқтайды. 
Тарих – үлкен оқытушы. Өткендегi болған кемшiлiктер мен 
қателіктерді бiлген халық қана оларды өзiнiң болашақ өмiрiнде 
қайталамайды деп, бiз Вольтердiң ойын ары қарай жалғастыралық.
Ол – әсiресе қазақ халқына ауадай қажет нәрсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет