198
құқыларын өзiне қоғамнан қайтарады. Барлығының жағдайы тең,
ешкiмнiң де артықшылығы, жеңiлдiгi жоқ, әрбiр адам бүкiл қоғамды
мойындап, оның талаптарына көнгенмен, жеке қайсыбiр адамға тәуелсiз
болады, әрбiр адам бiртұтас қоғамның ажырамас бөлiгiне айналады.
Демек, қоғам өмiрiнде әрбiр адам өзiнiң күш-қуатын сезiнедi, адам-
дар жеке тұлға, дене ретiнде теңсiз болғанымен, моральдық, құқықтық
теңдiкке ие болады.
Қоғамдағы шығарылған заңдардың қайнар көзi – халық. Егерде
әлдебiр заң халықтың пiкiрiнсiз және дауысын берусiз жарыққа шықса,
онда ол
заң емес, – бұйрық. Халықтың билiгiн қамтамасыз ететiн
ұйым – халықтың құрылтайы. Ол заңмен бекiтiлген уақытта жиналып,
«қоғамдық шарттың бұзылмауын бақылап отыруы қажет, өйткенi ол
шарттың ыдырап кету себептерi әрқашан сақталады». Олар:
а) әрбiр өкiметтiң өзiн әрқашанда күшейтуге тырысуынан шығады;
в) азаматтардың бiршамасының iзгiлiк жолынан ауытқу мүмкiн-
дiгiнен туады;
с) жеке мүдделердiң дамып, жалпы мүдденiң шеңберiн қысуынан
болады;
д) мұндай жағдайда «жалпы мүдденi» өзгертiп, адамдарды алдап
кету қаупі туады.
Қоғамдық шартты сақтап қалудың бiрден-бiр жолы, Руссоның айту-
ына
қарағанда, ол – халықты ағарту, оған әрқашанда дұрыс жолды
көрсетiп отыру.
Руссо адамды тәрбиелеу мәселелерiне де көп көңiл бөледi. Тәрбиелеу
дегенiмiз – табиғаттың адамға берген туа бiткен дарындарын бiрте-бiрте
дамытып, гүлдету. Адамға ерiктiктi сүю, тәуелсiз пiкiр айту сезiмдерiн
қалыптастыру – қажеттi нәрсе. Мәселенi нақтылай келе, Руссо баланың
тәрбиесiн төрт сатыға бөледi:
– туғаннан екiге дейiн – негiзiнен, оның дене тәрбиесiне басым
көңiл бөлiнуi керек;
– екiден он екiге дейiн – сезiм мен көңiл күйі тәрбиесi жүруi керек;
– он екiден он беске дейiн – баланың ақыл-ойының дамуына басым
назар аударылуы қажет;
– он бестен он сегiзге дейiн – баланы адамгершiлiк жолына қою
керек, әсiресе осы соңғы «дауыл мен iңкәр» сатысына көп көңiл
бөлiнуi қажет.
Тәрбие жолында тiкелей зорлық жасамай, баланың дамуына астыр-
тын ықпал ету керек. Әсiресе оның қалыптасып жатқан ерiктiк сезiмiн
аялау қажет. Тәрбие жолында еңбек етуге үйретудiң орны ерекше.
Iзгiлiктi сүю үшiн балаға iзгiлiктi iстердi жасату керек. Тәрбие жолында
баланың денесi мен ақыл-ойының
дамуы бiр-бiрiне ауысып, қатар
жүрiп отыруы керек.
199
Руссо өз заманынан ондаған жылдарға озып, болашақ ұрпақтарға
зор әсерiн тигiздi. Руссоның қоғам, адам, мораль т.с.с. жөнiндегi көп
идеялары бiздiң ғылыми-техникалық революция жүрiп, экологиялық
дағдарысқа әкелiп жатқан заман үшін өзектi де, мазмұнды.
Жоғарыдағы айтылған ұлы француз
ағартушыларының қатарына
сол замандағы басқа да ойшылдарды кiргiзуге болады.
Егер
Кондильяк (1715-1780 жж.) қайсыбiр ой өрiсi түйсiктер берген
деректердiң негiзiнде пайда болады, яғни қоғамның рухани өмiрiнде
күнбе-күнгi өмiр бейнеленедi деп есептесе,
Ламетри (1709-1751 жж.)
өзiнiң емдеу тәжiрибелерiне сүйене отырып, адамның ұйықтап жатып
көрген түсi, иә болмаса ауырып, есiнен танып жатқандағы сандырағы
жан-дүниенiң толығынан мимен байланысын көрсетедi, – деген пiкiрге
келедi.
Достарыңызбен бөлісу: