268
Үшiншiден, отандық философияда дерексіз-теориялық жүйелер
жасау өте сирек кездесетiн құбылыс – философиялық iзденiс адамның
нақтылы өмiрдегi жүрiс-тұрысын сараптауға, яғни
практикалық
мәселелерге көбiрек көңiл бөлiнедi.
Төртiншiден, адам болмысының
этикалық жақтарына, жақсылық
пен жамандық, iзгiлiк пен зұлымдық, арнамыс, абырой, т.с.с. санаттарға
терең талдаулар жасалады.
Бесiншiден, қоғам өмiрiнiң негiзгi мәселесi ретiнде әрқашанда
әлеуметтiк әдiлеттiлiкке көбiрек назар аударылады.
Алтыншыдан,
отандық философияны аксиологиялық философия
десек те болғаны, өйткенi онда құндылық әлемiне зор көңiл бөлiнедi.
Ендi мәселенi нақтылай түсiп, отандық
философияның негiзгi сатыла-
рына қысқаша көз жiберейiк.
§ 2. Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсiнiктер
Басқа халықтардың философиясы сияқты, отандық философия да өз
қайнар көзiн көне аңыздар мен дастандар, ертегiлерден бастайды. Егер
аңыздарған бай халықтарға үндi мен гректердi жатқызса, қазақ елi де
олардан кем түспейтiн болар, өйткенi өне бойы көшiп-қонып жүрген
халықтың бiр ғана байлығы болды – ол
оның тiлi, бабалардан келе
жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер.
Олардың көбi жаңа ғана
жарық көрiп, философиялық тұрғыдан талдануда.
Көне түрiктердiң түсiнiгi бойынша, бұл
дүние жоқтан пайда
Достарыңызбен бөлісу: