Серік Мырзалы философия оқу құралы


болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан



Pdf көрінісі
бет187/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   422
болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние, негiзiнен, 
жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлi қайшылыққа толы: Жер мен 
Күн, өмiр мен өлiм, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен 
қараңғы, жылы мен суық т.с.с.
Аспанға көз жiберген ежелгi түрiк бабаларымыз оны Тәңiр, 
Жаратқан әлемiне жатқызған. Адамдар мен басқа тiршiлiк өмiр сүрiп 
жатқан дүние – ол Жер мен Су әлемi, ал өлгендердiң паналайтын 
орны – ол Жерасты әлемi. Бiлге қаған мен Күлтегiннiң құрметiне тасқа 
ойылып жазылған ескерткiште дүние былайша суреттеледi: «Биiкте көк 
Тәңiрi, төменде қара жер жаралғанда, екеуiнiң арасынан адам баласы 
жаратылған...».
Тәңiрге, жер-суға табынудың пайда болуы адамда әуелде 
қалыптасқан айнала қоршаған ортаға деген, бiр жағынан, тәуелдiлiк, 
табиғаттың стихиялық күштерiнен үрейлену, екiншi жағынан, 
ризашылық сезiмдермен байланысты болса керек, өйткенi олардың 
түсiнiгiнше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен қараған, 
ауыр кезеңдерде оларға балық пен жануарларды, жабайы өсiмдiктердiң 
жемiстерiн сыйлаған.


269
Сонымен қатар көне түрiктердiң нанымында ерекше орынға ие 
болған Әйел Құдай – Ұмай болды. Ол үйдiң, шаңырақтың, ошақтың 
қамқоршысы, балалардың сүйеушiсi, содан кейiн өнердiң қолдаушысы 
болған. Ұмайға монғолдардың Этуген құдайы сәйкес келедi. Кейбiр 
ғалымдар Ұмайды ежелгi үндi құдайы Ұмамен салыстырады, ол да 
Ұмай сияқты мiндеттердi атқарған. Ұмай деген сөздiң өзi «бала орны», 
«ана құрсағы» сияқты ұғымдарға сай келедi. Тұқым тарату Құдайы 
болып табылатын Ұмай балалардың тууында, олардың тағдырында аса 
маңызды рөл атқарады. Тувадағы Ұйық өзенiнiң бойынан табылған 
түрiк ескерткiшiнде былай деп жазылған: «20 жасымда мен елiммен, 
туыстарыммен, қаруыммен, ерлiк даңқыммен қоштастым. О, Ұмай 
ана! О, менiң сүрген өмiрiм! Мен сендердi тастап кетiп барамын, туыс-
тарым». Жас жiгiт майдан даласында өлiп бара жатып, өзiнiң осы 
өмiрдегi соңғы сәтiнде Ұмай анаға, шаңырақ қорғаушысына өзi өсiре 
алмаған кiшкене балалар алдындағы кiнәсiн, туысқандарының артқан 
үмiтiн ақтай алмағанын айтады. Мұның өзi туыстық байланыстардың, 
отбасының, ру мен тайпаның қадiр-қасиетiнiң зор маңыздылығын 
көрсетедi. 
Аңшылар мен малшылар әлемiн әрқилы аңдар, жан-жануар, хайуа-
наттар жайлап, әртүрлi заттар мен өсiмдiктерге, жануарлар құдiретiне 
Тәңiрдей сиыну елеулi орын алған. Түрiктер өзiнiң тотемi ретiнде 
әсiресе қасқырды ең жоғары орынға қойған. Бұл аңның тотемдiк сипаты 
өз көрiнiсiн түрiк қағандарының патшалық рәмiздерiнен тапты: олардың 
туларында қасқырдың алтындаған басы бейнеленген. Ал олардың жеке 
қорғаушыларын «бөрiлер» деп атаған. 
Бұл жануардың көне түрiктердiң негiзгi тотемiне айналу себебi 
сол көшпендiлiк өмiр салтына байланысты болса керек. Өйткенi 
қасқыр жыртқыш аң ретiнде малшылардың баққан табынынан онша 
алыстамаған, үйiрдегi әлсiреген, ауру жануарларды қырып отырған, ал 
малшылардан аса сақтықты, қырағылықты талап еткен. Кiм бiледi, 
бiздiң арғы бабаларымыздың «сақ» деген атының өзi осындай себеп-
термен байланысты болуы мүмкiн. Өзiнiң күнбе-күнгi өмiрiнде жиi 
кездесетiн аң болғаннан кейiн, малшылар оның мiнез-құлқын терең 
зерттеп, оның батылдығымен қатар сақтығына, шыдамдылығына, 
айла-амалына, үйiрлiк өмiрiне т.с.с. қасиеттерiне қарап қайран қалып, 
соларды өз бойынан табуға тырысқан. Өзiнiң «қасқыр мiнездiлiгiнiң» 
арқасында қазақ халқы трагедияларға толы тарихында «мың өлiп, мың 
тiрiлсе» де, көп көшпендiлер сияқты жойылып кетпей, мiне, бүгiнгi 
таңда өзiнiң дербестiгiне қолы жетiп, жаңа өмiрге ұмтылу үстiнде. 
Бүгiнгi таңдағы бiздiң қасқыр бейнесiн ысырып тастап, «ортаазиялық 
барысқа» елiктеуiмiз жоғарыда айтылған тұрғыдан қарағанда, бiздiң 
жаңа өмiрге деген ұмтылысымыздың нышаны болса керек. Бiрақ барыс 


270
басы бiрiкпейтiн, қысқа қашықтыққа секiргенмен, алысқа шаба алмай-
тын аң екенiн ұмытпағанымыз да жөн болар.
Ежелгi түрiктер жер не су, тау не орман болсын, табиғаттың әрбiр 
бөлшегiнде киелi күштер бар деп есептедi. Қазақтардың бүгiнгi күнге 
дейiн ағашқа, басқа да нәрсеге жыртыс байлауы, «киелi, қасиеттi жер» 
деп санауы ислам дiнiнiң ғұрпына жатпайды, бұл – сонау көне заман-
нан берi келе жатқан архаизмдер.
Ежелгi түрiктер үшiн қайырымды рухтар – ата-баба рухтары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет