293
Арғымағын жоғалтып,
Тай жүгiрткен заман-ай», – деген жолдардан сол кездегi халық
тағдырындағы қайғылы да күңгiрт ахуалды көзге елестетуге болады.
Осы ақынның сөзiмен айтсақ:
«Асан атты iспеттi
Ен жайлауынан көшкен жұрт.
Зар илеп, баспай өксiктi,
Ауыр күндi кешкен жұрт», – дейді. Ол
неге соншалықты қамықты,
оның себебi неде болды деген сұрақ қойсақ, оған жырау былайша жауап
бередi:
«Ақтың жолын күзетпей,
Жамандықты тұтқан жұрт.
Сабыр етпей сандалып,
Сайда көшiп, жортқан жұрт.
Өз ағасын сыйламай,
Өзгенiң соңынан ерген жұрт.
Ханына
тiзгiн бермеген,
Орысқа ырғын болған жұрт.
Ханның ойын бiлмеген,
Жауына таланып қалған жұрт...
Достарыңызбен бөлісу: