Сүйiнiшұлын (ХV ғ.), Доспамбет пен Шалкиiз жырауларды (ХVI ғ.),
287
Жиембет пен Марғасқа жырауларды (ХVII ғ.), Ақтамбердi мен
Тәтiқара, Бұқар жырау мен Шал ақынды (ХVIII ғ.) атап өтуге болады.
Сыпыра жырау Тоқтамыс хан билеген сұрапыл күңгiрт уақытта
өмiр сүрген жырау болса керек. Ол тарыдай бытыраған, басы бiрiкпеген
халықты бiрлiкке шақырған, аңыздар бойынша «тоғыз ханды түзеткен»
тұлға болған. Бейбiт өмiрдi уағыздаған ақын, өткен баяғы заманды
аңсап былай дейдi:
«Отырушы едiк жайласып,
Шалғында бие байласып,
Құлын-тайдай ойнасып,
Иiндесiп, сырласып...».
Қандай қиын заманды халық басынан өткiзiп жатса да, Сыпыра
жырау оның жарқын болашағына сенедi:
«Көп iшiнде сөйлесем,
Жас жiгiт саған қарасам,
Қара лашын тұйғынсың.
Асылыңа қарасам,
Құс алатын қырғисың.
Қызыл тiлге келгенде,
Сар садақтың оғындай,
Көлденеңдеп зырғисың», – деп сүйсiне қарайды.
ХV ғ. өмiр сүрген Қазтуған Сүйiнiшұлы – Едiл мен Жайық ара-
сын мекендеген ұлыстарды өмiр бойы бiрлiкке шақырып, ел-жұртына
тыныштық, бақ-дәулет тiлеген жырау.
«Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақ ала ордам қонған жұрт», – деген ақынның екi жолынан, бiр
жағынан, оның халқына деген махаббатын, екiншi жағынан, оның оған
деген аяныш сезiмiн байқауға болатын сияқты. Жырау өзiнiң жеке
өмiрiн халқының тағдырымен ажырамастық тұрғыдан қарап:
«Кiндiгiмдi кескен жұрт,
Кiр-қоңымды жуған жұрт», – деп оны биiк бағалайды.
Жырау өз жұртын Отанды сүюге, ата-бабалардың ғұмыр кешкен
айнала ортасын әлпештеуге, оны қорғауға шақырады. Оның қадiрiн ол
мынандай өлең жолдарымен суреттейдi:
«Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салулы менiң ордам қонған жер...
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер...».
«...Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған», – деген шумақтардан бiз оның өз Отанына
деген шексiз махаббатын көре аламыз. Мұндай әсем табиғатта өмiр
сүрiп жатқан елдiң
288
«... Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең», – дейдi ақын. Бұл сөздерден бiз «дала
демократиясының» шеңберiнде ерiктi өскен жыраудың қоғамдық
қатынастардың қандай болуы тиiстiгi жөнiндегi ой-арманын байқаймыз.
Бiрақ елде тыныштық жоқ, қырғын-тартыс ешбір толастамайды:
«Бекiре ойнар ақ Жайық,
Бес қаруын асынып,
Батырлар жауға жортқан жер...
Көрiнген мынау көк Нарын,
Ойран салып өткен жер», – деген жолдардан жыраудың, бiр жағынан,
дала батырларының ерлiгiне сүйсiне, екiншi жағынан, тоқталмайтын
тартысқа өкiне қарайтынын сезгендеймiз...
ХV ғ. аса көрнектi жыраулардың бiрi – Асан қайғы. Оның есімі
ғасырлар бойы халықтың жадында сақталып, аңызға айналып кеткен.
Жырау өмiр сүрген уақыт – Алтын Орда мемлекетiнiң ыдырап, жаңа
қазақ хандығы мемлекеттiгiнiң қалыптаса бастау кезеңi болатын. Мiне,
Асан қайғы – осы күрделi де жауапты iске атсалысып, жаңа мемлекеттiң
iргетасын қаласқан ұлы тұлға. Халықтың қамын көп ойлап, сол кездегi
ел басындағылардың кемшiлiктерiн, кейбiр тайыздықтарын көрсетiп,
оларға ақыл берiп, дұрыс жол сiлтегенi үшiн оны халық Асан қайғы
деп атап кеткен. Жырау өзiнiң iшкi көкейкөзiмен болса да халықтың
тарихындағы шешушi кезең келгенiн сезiп, жаңа мемлекеттiлiктi құру
жолында кетiп жатқан қателiктердi әшкерелеп, Жәнiбек ханға былай
дейдi:
«... Ай, Жәнiбек хан!
Айтпасам бiлмейсiң,
Жайылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсiң.
Қымыз iшiп қызарып,
Мастанып қызып, терлейсiң.
Өзiңнен басқа хан жоқтай
Өзеуреп неге сөйлейсiң?».
Әрине, мемлекеттi құру үшiн халықтың алып жатқан жерiн анықтап,
оны қорғай бiлу керек, оны жырау жақсы түсiнедi. Ал «қымыз iшiп,
қызарып» деген жолдары тiптi қазiргi заманға дейiн өзектi: бүгiнгi
халық тарихының шешушi кезеңiнде, осындай ауқымды көлемде қазақ
жерiнде тарихи алғашқы рет халықтың басы бiрiгiп, жаңа заманға
сай мемлекеттiлiгiн орнатып жатқан кезде, қаншама iрi-кiшi лауазым
иелерi әлi де болса өз қалтасын мемлекеттiң қазынасымен шатысты-
рып, «мастанып, қызып», қызмет бабын өз мүддесiне жаратып, жаңа
289
мемлекеттiң абыройына нұқсан келтiруде! Бұл да ұлы жыраудың
даналығын көрсетедi.
Ал «Аққу құстың төресi,
Ен жайлап көлде жүр едi.
Аңдысып жүрген көп дұшпан,
Елiңе жау боп келедi», – деген жолдардан жыраудың қазақ халқының
болашақтағы қалмақтармен қақтығысын, бодандыққа ұшырайтынына
алаңдап, сезгенi сияқты ой келедi. Ол жаулардан құтылудың негiзгi
жолы – бейбiт өмiрдi қамтамасыз ету.
«Едiл бол да, Жайық бол,
Ешкiмменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа», – деген ақыл айтады ұлы жырау. Қазақ
халқына нағыз керек нәрсе – ол ел бiрлiгi, рулар мен тайпалардың
арасындағы тартыс, қантөгiске тыйым салу.
«...Есенiң де, тiрiң де,
Бiр болыңыз бәрiңiз!» – деп ұран тастайды Асан қайғы.
Асан қайғы халықты бiрлiкке шақырып қана қоймай, оны қалай
қамтамасыз ету керектiгiн талдайды, ел бастайтын топты халық қамын
ойлауға, әдiлеттiлiкке шақырады.
«Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер...
Хан мен билер қысқанда, халық қайтып күн көрер?
Онда халық түнерер. Халыққа қысым күш берер,
Халықтың кегi күшке енер», – деп, ұлы жырау үстем тапқа халық
атынан қатты ескерту жасайды.
Сонымен қатар Асан қайғы қоғам өмiрiндегi моральдық қағидаларға
да көп көңiл бөледi. Оның ойынша, әдiлдiк – өтiрiк-өсекпен, алдау-
арбаумен қабыспайды; даналық – өткен күндегi шындықты iздеу;
қорқақтық – жау мен жауыздың алдында қашқақтау; зұлымдық –
әлсiзге жәбiр көрсету; ақымақтық – айтқан ақылға көнбеу; т.с.с.
Асан қайғы – қазақ жерiнен шыққан алғашқы утопист. Елдiң ауыр
тұрмысы, табиғат қатаңдығы, оқтын-оқтын болатын жұт, аштық т.с.с.
оны қатты күйзелтедi. Табиғатқа қарсы тұру, оны өзгерту керектiгi
сияқты Батыс қоғамдарында пайда болған идеялар көшпендiлерге
тән нәрсе емес едi. Сондықтан ұлы жыраудың назары «жерұйықты»
iздеуге бағытталады. Оның суы – сүт, топырағы – май, тасы – алтын,
онда халық зардабы, соғыс, тартысқырқыс дегендер жоқ, бай да, кедей
де жоқ, бәрi де – жеткiлiктi, бәрi де – бақытты. Ол мұндай «жұпар
қорығын» өмiр бойы iздедi. Ол, әрине, қай халықтың да бақытты өмiрдi
аңсаған армандарының бiр көрiнiсi едi.
Жоғарыда көрсетiлген ой-толғаулар ХVI ғ. өмiр сүрген жыраулар-
дың шығармашылығында өз жалғасын тапты. Бұл кезеңнiң көрнектi
290
өкiлi өмiрден жастай кеткен Доспамбет жырау болды (30 жасқа
келгенде, Астрахан маңындағы бiр шайқаста қаза табады). Оның
толғауларынан өткен әскери-демократия кезеңiндегi көшпендiлердiң
ерiк пен теңдiк, өз елiн қорғаудағы ержүректiк қасиеттерiн мадақтап,
мақтаныш еткенiн байқаймыз.
«...Айнала бұлақ басы тең,
Азаулының Стамбулдан несi кем? – деген сұрақ қойып, олай болса:
«...Ер Доспамбет ағаның Хан ұлына несi жоқ,
Би ұлынан несi кем! Тәңiрiнiң өзi берген күнiнде,
Хан ұлынан артық едi менiң несiбем!» – деп, өзiн ең жоғары тұрған
тұлғалардан кем санамайды. Шiркiн, осы белгiлi бiр орталыққа
бағынбауды мойындамайтын еркөкiректiк болашақта халықты қандай
апатқа әкелетiнiн, әрине, ол сезiне алмады: айнала қоршаған әлеуметтiк
ахуал оны мүмкiн қылмады.
Ел-жұрт үшiн ерлiк жасағанын мақтаныш етiп, өз өмiрiнiң әрбiр
күнiне қанағат етедi:
«Тоғай, тоғай, тоғай су. Тоғай қондым өкiнбен,
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкiнбен. Бүгiн-соңды өкiнбен,
Ер Мамайдың алдында Шахид кештiм, өкiнбен».
Жыраудың ойынша, әңгiме бұл өтпелi фәниде ұзақ та солғын өмiр
кешуде емес, оны мазмұнды өткiзуде. Яғни ол, – қазiргi тiлмен айтсақ,
Достарыңызбен бөлісу: |