дар әлемi құндылықтарының жиынтығы. Оларға ол интуиция мен
эмоция (сезiмдер), ритм мен ұжым сезiмiн және диалогты жатқызады.
Осы көрсетiлген құндылықтар өнер мен өмiр салтында, ой өрiсiнде
байқалады. Сенгордың берген екiншi анықтамасы, негритюд деге-
нiмiз – ұжымдық негро-африкандық тұлға, дүниеге деген аффективтiк
қарым-қатынас, яғни ақыл-ойдан гөрi, дүниеге деген сезiм серпiлiсiнiң
басым болуы. Сенгордың ойынша, Африканы бодандап, ондағы
халықты құл етіп сатқан елдерде қара адамдар өзiнiң мәдениетiмен,
дүниесезiмiмен сол елдердiң рухани өмiрiне, жалпы өмiр салтына зор
әсерiн тигiздi (Португалия, Бразилия, Чили сияқты елдерде). Сондықтан
халықаралық қатынастарда мұны естен шығармауымыз керек.
Тарихқа көз жiберiп, Сенгор Африка елдерiнiң антикалық грек циви-
лизациясына тигiзген үлкен әсерiн айтады (Нубия мен Мысыр арқылы).
«Олай болса, негритюдтiң тарихы 2000 жылдың ар жағына кетедi», –
деп қорытады ол. Әрине, ойшыл Африка мәдениетi мен өмiр салты,
дүниетаным ерекшелiктерiн жақсы көрсете бiлдi. Бiрақ оны асыра
бағалап, басқа елдер мен жерлердiң мәдениетiнiң бүкiладамзат рухына
қосқан үлесiн ескермеу де шындыққа жатпаса керек.
Сенгор Еуропа ой-өрiсiнiң рационалдық, дискурсивтiк жолмен
дамуын терiске шығармайды. Ол – керек, әсiресе қазiргi ғылымды
дамытуда, жаңа технологияларды жасауда. Сонымен қатар адамзатқа
интуитивтiк таным да қажет, өйткенi ол дiн мен философияның,
әдебиет пен өнердiң негiзiнде жатыр. Олай болса, бүкiладамзаттық
цивилизацияның дамуына осы екi таным жолы бiрдей керек.
Қорыта келе, Шығыс философиясының ХХ ғ. бiршама жетiс-
тiктерге жеткенiн байқаймыз. Рухани дағдарыстағы Батыс Шығыс
философиясындағы «Табиғатқа қайта оралу!» қажеттiгiне, «ант-
роптық» қағиданы, яғни философияның негiзгi мәселесi ретiнде адам
мәселесi болу керектiгiне, «ортаңғы жол», «ымыраға келу», «ақыл-
Достарыңызбен бөлісу: |