Серік Мырзалы философия оқу құралы


жатқанның барын қамтитын кең көлемді философиялық санат



Pdf көрінісі
бет261/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   422
жатқанның барын қамтитын кең көлемді философиялық санат. 
Әрине, дүниеде өмір сүріп жатқан нәрселердің сан алуан қасиеттері 
бар – олар көк – қызыл, ауыр – жеңіл, дымқыл – құрғақ, т.с.с. шексіз айта 
беруге болар еді. Бірақ олардың барын біріктіретін қасиет – олардың 
болуы, өмір сүруі, яғни – болмысы. Ең алдымен осыны ұғып алмай, біз 
ары қарай еш нәрсеге талдау жасай алмас едік. Бұл – философиялық 
бастама.
Алайда философия тарихына жүгінсек, бұл арада ойшылдар-дың 
үлкен қиындыққа тап болғанын байқаймыз. Өйткені айнала қоршаған 
дүниеге зерделі көзбен қараған адам бірде-бір мәңгі өмір сүріп жатқан 
нәрсені таба алмайды. Қарапайым адам да, дүниеде біртуар тұлға да бұл 
өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде – кетеді. Далада жатқан тас 
та мыңдаған жылдардан кейін құмға, шаңға айналып, ғайып болады. 
Яғни болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің 
бабаларымыз дүниені «жалған» деп түсінген. Үнді ойшылдары да бұл 
дүниені «Ұлы сағым – Мая» деп атаған. Ал дана Гегельге келер болсақ, 


367
ол болмысты «жоғала бастаған болмыс», «Дүние дегеніміз – мәңгілік 
қалыптасу» деп түсінді.
Оқырманның байқағанындай, болмыс санатын жете түсінудегі 
негізгі қиындық, бір жағынан, дүниенің ағымдығы, екінші жағынан, ол 
қанша өзгеріске түссе де – өмір сүріп қала беруі. Бұл ахуалды өзеннің 
суымен салыстыруға болар еді: ол әрқашанда ағыста болғанымен – тау-
сылмайды, өмір сүріп қала береді.
Болмыс ұғымы – мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы 
тұрған ұғым – бейболмыс, яғни ештеңе, жоқтық. 
Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін
мазмұн жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған 
қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әртүрлі мағына беріліп, 
Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы 
күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның 
өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, адамзат 
өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек.
Бұл ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы даосизм 
ағымында болмыс «дао» ұғымы арқылы беріледі. Қытай тіліндегі көп 
сөздер сияқты, дао ұғымы да көп мағыналы: бір жағынан, ол аспанның 
құдіретті заңдылықтары ретінде түсінілсе, екінші жағынан, болмысты 
бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағынаға бөлінеді: ол «бірінші дао» – 
абсолютті болмыс, және «екінші дао», я болмаса «дэ» – көз алдымызда 
өмір сүріп жатқан өтпелі дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да, көре 
алмайсың, қанша тыңдасаң да, ести алмайсың, оған ат қояйын десең 
де, қоя алмайсың, өйткені, көне Қытай ойшылдары айтқандай, оның 
аты жоқ. Демек, ол не деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол – 
ештеңе, яғни бейболмыс. Бүкіл дүниедегі заттар мен құбылыстар 
содан шығып өмір сүруге келеді де, ақырында, соған барып өшеді. Тек 
ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті – бірінші дао ғана. 
Ал дүниеге келген заттарды, яғни екінші дао – дэні алатын болсақ, 
оның әрбіреуінің өз аты бар, олар өтпелі, мәнді, салыстырмалы т.с.с.
Енді Шығыс философиясынан Батысқа назарымызды аударсақ, көне 
грек ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс санатын терең талдаған 
Парменидке келіп тоқталамыз. Ол кісінің атақты сөздері: «Тек қана бол-
мыс өмір сүреді, бейболмыс тіпті де жоқ». Яғни дүниеде бар нәрсе – 
бар, жоқ нәрсе – жоқ. Бір қарағанда, қисынды сөздер! Бірақ осы ойды 
айтқаннан кейін, Парменид қозғалысты, дүниеге келу мен кетуді жоққа 
шығарып, терістеуге мәжбүр болды. Өйткені бір нәрсенің дүниеге келуі 
дегеніміз не? Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, міне, дүниеге келді. Ал 
Парменидті алсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни дүниеге келуді мо-
йындамайды. Сол сияқты, дүниеден өтуді де, яғни бардың жоққа айна-
луын да мойындамайды, өйткені бар нәрсе – бар, ал жоқ нәрсе – жоқ. 


368
Ал дүниеге келу мен кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? Олай 
болса, болмыста қозғалыс та жоқ. Яғни болмыс дегеніміз – ешқашанда 
өзгермейтін, кемеліне келген, абсолютті, өз-өзіне тепе-тең. 
Әрине, мұндай көзқарастың өмірдегі тәжірибеге сай келмейтіні 
әрбіреуге жақсы таныс. Бұл дүниеде қозғалмайтын, өзгермейтін еш 
нәрсе жоқ. Олай болса, Парменидтің пікірінше, бұл дүние нағыз бол-
мыс емес, оған ой елегі арқылы ғана жетуге болады. Яғни ойлау мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет