460
Енді
теориялық білімнің
құрылымына келсек, оларға
проблема
(мәселе),
гипотеза (болжау),
теория, заңды жатқызуға болады.
Таным үдерісінде белгілі бір сатыда тежеу, түсініксіз, адамды
абыржуға әкелетін ахуал пайда болады. Осы сәтте мәселе (немесе
қиындық) туады.
Оны шешпейінше, адамнан тыныштық кетеді.
Сондықтан кейбіреулер
проблема-қиындықты білмейтінімізді білу
дейді. Мұндай ахуалдың пайда болуының негізінде сан алуан
қайшылықтар жатыр. Ол белгілі бір құбылыс туралы екі әртүрлі
пікірдің пайда болуынан, я болмаса ескі теория мен жаңадан ашылған
ғылыми деректің арасындағы қайшылық т.с.с.
себептерден болуы
мүмкін. Көп жағдайда мәселенің шешілуі оны дұрыс қоя білуге бай-
ланысты. Ол үшін, әрине, барлық жиналған ғылыми деректер мен
тұжырымдарды тағы да ой елегінен өткізіп,
мәселені айқын сезіну
қажет. Шешілген мәселе ғылыми білімді тереңдетіп, сонымен қатар
жаңа қиындықтарды тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: