Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет302/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   422
Гипотеза (болжам) – белгілі бір зерттеліп жатқан зат, я құбылыстың 
себебі туралы кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі. 
Ол әлі өзін дәлелдеуді талап етеді. Кейбір гипотезалар зерттеліп жатқан 
құбылыстың себебін анықтаудың тіпті мүмкін еместігінен пайда 
болады. Мысалы, ғылымда таңғаларлық бірнеше ғана мәселе бар. Ол – 
осы дүниенің өзі, содан кейін тіршілік, ең соңында, рухани пенде – 
адамның өзі қалай пайда болды деген сұрақтар.
Бұл мәселелер жөніндегі діни көзқарастарды жақшадан шығарып 
қарағанда, материалистік философия мыңдаған жылдар бойы бұл дүние 
мәңгілік өмір сүріп жатыр деген көзқараста болды. Мәселенің қиынды-
ғы осы дүниедегі бірде-бір зат, я болмаса құбылыстың мәңгілік өмір 
сүре алмайтындығында, өтпелілігінде еді. ХХ ғ. 70 ж.ж. астрофизиктер 
«Ұлы жарылыстың» (Grand Explosіon) ғылыми болжамын ұсынды. Бұл 
болжам дүниенің мәңгілік еместігін, осыдан 13 млрд. жыл шамасында 
вакуумның жарылуынан пайда болғанын болжайды. Осы болжам 
арқылы ғарыштағы «инфра-қызыл сәуле толқындарының ығысуын», 
«дүниенің кеңею үстіндегі үдерісін» түсінуге болатын сияқты. Уақыты 
келгенде (млрд. ж.ж. кейін) бұл дүние өзінің ішкі тартылыс күші 
арқылы тартылып, яғни коллапсқа ұшырап, өз өмірін тоқтатады. Келесі 
жарылыс дүниенің «жаңа үлгісін» әкелуі мүмкін. Мұндай болжамдар 
адамның ақыл-ойы, шығармашылығының ғажаптығын көрсетпей ме?! 
Таңғаларлық нәрсе – осы ғылыми болжамға ұқсас идеяларды осыдан 
120 ж. бұрын орыс теософы (teos – құдай, sofіa – даналық) Е.Блаватская 
өзінің «Құпия доктрина» деген еңбегінде айтқан болатын.
Ал тіршілік мәселесіне келер болсақ, көп болжамдардың ішінен 
академик Опариннің «коацерваттық», яғни алғашқы көп минералдық 
тұздар еріген жылы мұхитта Күн сәулесінің қуаты арқылы сансыз 


461
химиялық реакциялардың негізінде тірі белоктың дүниеге келгені 
жөніндегі болжамы бізді ерекше тартады.
Адам мәселесіне келер болсақ, ол жөніндегі ғылыми болжамдарды 
біз «Адам болмысы» тарауында қарағанбыз.
Әрине, жоғарыдағы көрсетілген болжамдарды теорияға айнал-
дыру өте қиын, өйткені олардың түп-тамыры млрд. жылдарға 
кетеді. Ал шынайы өмірдегі нақтылы табиғи, я болмаса әлеуметтік 
саладағы болжамдарға келер болсақ, олардың ақиқаттығы ертелі-кеш 
дәлелденеді. Сонда ғана ол теорияға айналады. Өмірдің өзі-ақ біршама 
болжамдардың жалғандығын көрсетіп, оларды ғылым шеңберінен 
шығарып тастайды. Мысалы, флогистон, я болмаса ғарышты толты-
рып тұрған эфир сияқты болжамдар ғылым дами келе, өз жалғандығын 
көрсетіп, санаттық (ұғымдық) мәртебесінен айырылып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет