468
қоғамының артта қалуының себептерінің бірі Батыс елдерінен өзін
жабық ұстағысы келгені емес пе? Ал
соғыстан кейінгі Албанияны
алсақ, Батыс пен Шығыстан жабылған ол ел Еуропаның нақ ортасында
болса да, қайыршылық деңгейге жеткен жоқ па?
Ашық жүйе, әрине, ешқашанда өз-өзіне толық тепе-тең болмай-
тыны да
айдай анық, өйткені ол жүйеге неше түрлі басқа заттар мен
құбылыстар өз әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ бүкіл дүниені біртұтас
«Үлкен жүйе» ретінде қарасақ, онда оның тепе-теңдігін кім, я болмаса
не бұзады деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Қазіргі ғылым оны вакуум-
нан көреді.
Енді «өзіндік ұйымдасу»
ұғымына келер болсақ, бұл идея филосо-
фия тарихында көптен бері бар. Материяның ішкі өзіндік күші арқылы
дамуға мүмкіндігі бары жөнінде уақытында Б.Спиноза, К.Маркс
сияқты ойшылдар айтқан болатын. Бірақ
өлі табиғатты зерттейтін
жаратылыстану ғылымдарында көпке дейін «термодинамиканың екінші
бастамасы», яғни табиғатта болып жатқан энтропия (ыдырау, хаосқа
айналу) заңы «өзіндік ұйымдасу» идеясына өз кедергісін тигізген бола-
тын. Сондықтан биология саласына Ч.Дарвин енгізген «эволюция,
күрделену»
заңдылықтары, жалпы жаратылыстану ғылымында үлкен
қайшылық тудырды. Бір жағынан, энтропия заңдылығы дүние бара-
бара суып, тұрпайыланып хаосқа айналады десе, екінші жағынан, био-
логия ғылымы тіршіліктің өне бойы күрделенуін мойындады. Міне,
Достарыңызбен бөлісу: