479
дардың бір-бірінен айырмашылықтары, негізінен алғанда, материалдық
игіліктерді қалай өндіру, бөлу, тұтынуына байланысты.
Алайда ұлы
ойшылдың көзқарастары соңынан ұмытылып, тек қана бес ғасырдан
кейін К.Маркстің еңбектерінде жаңадан негізделеді.
К.Маркс қоғамтану саласына, түптеп келгенде, екі жаңалық енгізеді.
Оның бірі – қосымша құн теориясы, ал екіншісі – тарихты материалистік
тұрғыдан түсіну қағидасы. Ең алдымен бұл екі жаңалықтың да
дүниеге келуі капиталистік
қоғамның қалыптасып, дамуына байла-
нысты болғанын атап өту қажет. Егер К.Маркс дүниеге келмегеннің
өзінде, басқа ғалымдар ертелі-кеш оларды ашатыны сөзсіз еді. Өйткені
мыңдаған жылдар бойы бұрынғы қоғамдарда әртүрлі сословиеліқ-
заңдық қатынастармен бүркемеленіп келген
экономикалық қатынастар
Жаңа дәуірде ашылып, ғалымдардың назарын аудара бастайды.
Енді К.Маркстің бірінші ашқан жаңалығына келер болсақ,
капиталдың өндіріс айналымында өсуі оның ерекше бір ғажап
қасиетінен туындамайды. Бұл үдеріс тарих сахнасында ерекше
тауардың пайда болуымен байланысты. Ол –
жұмысшы және оның
Достарыңызбен бөлісу: