Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 3. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі тәуелсіз



Pdf көрінісі
бет353/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   422
§ 3. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі тәуелсіз 
Қазақстан (қорытынды есебінде)
Адамзат тарихы көрсеткендей, қайсыбір империя ертелі-кеш ыды-
райды. ХХ ғ. 80 жж. бастап, Жер бетіндегі соңғының бірі болып Кеңес 
Одағы да үлкен дағдарысқа түсіп, соның нәтижесінде 90 жж. басында 
тәуелсіз жаңа мемлекеттер пайда болды. Тарихта бірінші рет бабала-
рымыздан қалған алып аумақта қазақ халқының басы бірігіп, әртүрлі 
жағдайлармен келген басқа ұлт өкілдерімен қосыла, өз мемлекеттігінің 
негізін қалай бастады.
Жас мемлекеттің алдында, негізінен, үш үлкен іс жатыр еді. 
Біріншіден, жаппай мемлекеттік меншікке өткен ұлт байлығын жеке-
шелендіру арқылы нарықтық экономиканы орнату, екіншіден, саяси 
міндеттерді бүгінгі таңдағы талаптарға сай етіп өзгерту (көппартиялық, 
құқықтық мемлекет т.с.с.), үшіншіден, халықтың тілі мен ділін, рухани 
өмірін қалпына келтіріп, қайта жаңғырту болатын.
Осы талаптарға сай біздің елде болған көп өзгерістерді филосо-
фиялық тұрғыдан сараптағанбыз (алдыңғы тарауларды қараңыз).
Бұл тарауда, сондықтан бір-ақ нәрсеге назар аударғымыз келеді. 
Ол – адамзаттың рухани дағдарысқа түсуі. Қазақ елінің жас 
мемлекеттігі осы дағдарыс шеңберінде қалыптасып жатыр. Расында да, 
Жаңа дәуір адамзатқа екі ғажап идея ұсынған болатын. Оның біреуі – 
социалистік идея болса, екіншісі – сциентизм, ғылым мен техниканың 
негізінде қоғам өміріндегі барлық жетіспеушілікті жеңіп, бақытты 
өмір орнату болатын-ды. Бүгінгі таңда осы екі идеяның да тас-талқаны 
шықты. Біз ол туралы жоғарғы тарауларда өз ойларымызды айтқанбыз. 
Дәл қазір бүкіл адамзатты елең еткізетін еш бір жаңа идея болмай тұр.
Әрине, мұндай ахуал өтіп жатқан өзгерістерге өз ықпалын тигізбей 
қоймайды. Сондықтан да реформа барысында Батыс елдерінде дүниеге 
келіп жетілген «оңшыл» либерализм саясаты қолданыла бастады. Бұл 
саясаттың қысқаша мәнін «әрбіреуге өзінікі» деген қағидаға теңеуге 
болады. Әр адам өзінше іс-әрекет жасап, ең алдымен өз қамын ойлауы 
керек. Осы себепті мыңдаған жылдар бойы қауымдастықтың рухында 
тәрбиеленген халықтың санасында «құндылықтар қақтығысы» пайда 
болып, үлкен қайшылықтарды тудырды.
Әлеуметтік-экономикалық салада асығыс түрде жүргізілген жеке-
шелендіру саясаты (біз оған мәжбүр болдық), тез арада қоғамның «жаңа 
қайта топтануына» (рестратификация) әкеліп, әлеуметтік құрылымды
түбегейлі өзгертті. Байлық пен кедейлік арасында қалыптасқан айыр-
машылық Батыста қалыптасқан өлшемдерді басып өтіп, ешқандай сын 
көтермейтін жағдайға әкелді. Негізгі кемшілік – жаңадан пайда болған 
дәулетті адамдардың бірқатарының, дәлірек айтсақ, буржуазияның 


582
халық алдындағы жауапкершілігінің төмендігі, моральдық қасиет-
терінің тайыздығы. Өтпелі қоғамдағы жаңа қалыптасып жатқан 
кейбір іскер топтар өкілдерінің көбінің бойында қарапайымдылық, 
басқалардың қамын ойлау, әділеттілік деген қасиеттер жоқтың қасында. 
Жеңіл келген байлықтың буына мас болған кейбіреулер тіпті дөрекі 
нәрселерді жасап, өзін қоғамдық пікірге батыл қарсы қоюда.
Мұндай теріс ахуал қалыптасуының негізінде реформаларды 
тез арада өткізу қажеттігі жатқан болатын. Екіншіден, әрине, Батыс 
өмір салтына әсіресе «тәтті өмір» идеологиясына ойланбай еліктеу 
жатса керек. Нәтижесінде «жаңа орыстар», «жаңа қазақтар» деген 
сөз тіркестері пайда болып, халық жүздеген анекдоттарда оларға өз 
бағасын берді. Олар халықтың сый-қошеметіне ие болу, өз әлеуметтік 
мәртебесін мойындату үшін жаңа жұмыс орындарын ашуы, қорланған 
көп әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысуы қажет. Өйткені 
либералдық саясат ұстаған мемлекет, біздің жағдайда, тез арада оларды 
шеше алмайды.
Қазақ елінің ерекшелігін ескере отырып (аумақ көлемділігі, ауа 
райының қаталдығы, халқының аздығы т.с.с.), мемлекеттің аса үлкен 
рөлін ескеру қажет. Олай дейтін себебіміз: реформа барысында мем-
лекетке деген «романтикалық», «жеңіл» көзқарастың қалыптасуы 
нарыққа аса көп үміт артуға байланысты болды. Реформаторлардың 
ойынша, нарық қалыптасса, А.Смиттің «көзге көрінбейтін нарық 
қолы» барлық экономикалық қатынастарды өзі-ақ ретке келтіреді. Ал 
мемлекет жекенің мүлкін сақтайтын «түнгі күзетші» болып, салықты 
жинап, қоғамның қажетіне жаратуы керек. Екінші бір кең тараған 
«либералдық пікір» – тек қана жеке меншіктің аса тиімділігі, ал 
мемлекеттік меншіктің ауырлығы, өзгеріп жатқан ахуалға тез икемделе 
алмауы т.с.с. Шынына келгенде, әңгіме меншік формасында емес, оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет