Серік Мырзалы философия оқу құралы


тың тым тез қарқынмен өсуі



Pdf көрінісі
бет350/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   422
тың тым тез қарқынмен өсуі. Егер соңғы мыңжылдықта жер бетін-
дегі халықтың саны 15 есе өссе, оның бірінші рет екі есеге өсуі – 700 
жылда, соңғысы 40 жылда (егер 1956 ж. жер бетінде 2,8 млрд халық 
өмір сүрсе, 2004 ж. – 6,3 млрд.) болған. Әрине, бұл деректер үлкен 
ойға қалдырады. Бұл өсімнің 9/10-ы дамушы елдерге жатады. Соны-
мен қатар дамыған елдердегі халықтың құрылымын алар болсақ, онда 
кәрілердің саны өсіп (жақсы жағдайдағы өмір ұзақтығына байланысты), 
сонымен қатар туу деңгейі тым төмендеп кеткен. Сондықтан ол елдерде 


578
халықтың өсуі түгіл, оны ескі деңгейде сақтау үлкен мәселеге айна-
луда.
Демографтардың болжауынша, алдағы уақытта Үндістан халқының 
саны қытайлықтардан да гөрі артып, ал Африкада халықтың саны 
1,5 млрд-қа дейін жетуі мүмкін. Халқы тез өсіп жатқан даму үстіндегі 
елдердегі өндіргіш күштердің төмендігі, ауыл шаруашылығы 
өнімділігі, тұрғындардың жалпы мәдени деңгейі, білім беру саласы – 
бәрі де сын көтермейтін жағдайда. Мұндай ахуал бұрыннан келе 
жатқан өмір салтын ұстау, бала тууға шек қоймау әдетімен байла-
нысты екені айдан анық. Сондықтан бұл үдеріс таяу арада бәсеңдейді 
деу артығырақ болар. Дегенмен де Қытай еліндегі соңғы 15 жыл шама-
сында жүргізілген демография-лық саясат өз күшін көрсетті. Ертелі-
кеш басқа елдер де сондай саясатқа көшуі мүмкін.
Жаһандану үдерісі «Солтүстік пен Оңтүстік» мәселесін тудырды. 
Бұл – төртінші мәселе. Жалпылай келе, экватордан жоғары орналасқан 
елдердің даму қарқыны мен өмір сүру деңгейі төмен жатқан елдерден 
гөрі анағұрлым жоғары. Егерде дамыған елдерде тойымсыздық жолына 
түскен «алтын млрд» тұрып жатса, жер бетінде осы күнге дейін тағы 
1 млрд-қа жуық адам, басқа қажеттіліктерді өтеуді айтпағанның өзінде, 
күнбе-күн азық-түлікке жарымай отыр, ал 75 млн. адам аштықтың 
зардабынан жыл сайын дүниеден кетеді. Бұл дамыған елдер мен 
дамып келе жатқан елдердің арасындағы қайшылықтың өсуіне тығыз 
байланысты. Бүгінгі таңда дамып келе жатқан елдердің дамыған 
елдерге 1 трлн. доллардан артық берешегі бар!!! Олар оны өтеу түгіл, 
оның өсімінің өзін төлеуге қиналады. Сондықтан да Кубаның көсемі 
Ф.Кастро БҰҰ-ның мінбесінен осы борышты сызып тастауға шақырды. 
Алайда дамыған елдер ондай шараға барар емес. Ал мұндай жағдайдың 
өршуі кедей елдердің наразылығын тудырып, неше түрлі экстремистік 
қозғалыстарға дем береді.
Әрине, дамыған елдер оларға көмек жасағандай болады. Жылына 
шамамен 50 млрд. долларға жуық қаржы бөлінеді (салыстырыңыз: 2003-
2004 жж. АҚШ Ирактағы соғысқа ғана 200 млрд-тан артық қаражат 
жұмсады). Өткен ғасырдың екінші жартысында дамыған елдер «көмек» 
ретінде ауыр да лас өндіріс салаларының бірқатарын дамып келе 
жатқан мемлекеттерге аударды. Нәтижесінде, олар үш ұтысқа ие болды: 
өз елдерінің экологиясын дұрыстады, екіншіден, арзан жұмыс күшін 
пайдаланып, табыстарын өсірді, үшіншіден, ол елдердің шикізаттарын 
пайдаланды. Дегенмен де ол кезде дамыған елдер мен дамып келе 
жатқандардың арасындағы айырмашылық бірте-бірте қысқарады деген 
үміт болған-ды. ХХ ғ. 70-80 жж. бұл айырмашылық, керісінше, күрт өсе 
бастады. Себебі, біршама дамып келе жатқан елдер жаңа компьютерлік 
бағдарламаға негізделген технологияларды игеруге халықтың жалпы 


579
білімінің төмендігінен қол жеткізе алмады. Ғалымдардың есебі бо-
йынша, кейбір елдер дамыған мемлекеттерден 150 есеге дейін қалып 
қойыпты!!! Егерде шикізатқа бай елдер табиғи байлықтарын сатып күн 
көрсе, жоқ елдер дүниежүзілік сауда-саттықтың шетіне ысырылып
қайыршылықтың ауыр зардабын көруде. Сонымен, құрметті оқырман, 
халықаралық терроризм мен экстремизмнің негізгі қайнар көзі ислам 
дінінде емес, дамып келе жатқан елдердің аянышты әлеуметтік-
экономикалық жағдайында екенін түсінген боларсыздар.
Енді бесінші мәселеге келер болсақ, жоғарыда көрсетілгендей


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет