Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет37/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   422
Джайнизм философиясы
Джайнизм (Джина – жеңіс) философиясының негізін қалаған Маха-
вира деген ойшыл болған.
Джайнизм «жеңіс» деген сөзден шыққан. Адам кімді жеңу керек? 
Басқаларды ма, әлде бүкіл дүниені ме? Жоқ, бұл дүниедегі шынайы 
жеңіс – ол адамның өзін-өзі жеңуі.
Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар: тірі (джива), өлі 
(аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның таза-
лануы, тәуелділік, карманы бұзу – нирджара, жанның денеден құты-
луы – босау.


57
Джайнизм философиясының негізгі ұғымдарының бірі – свят-вада 
(свят – белгілі бір жағдайда) әрбір заттың шексіз әртүрлі қасиеттері 
мен белгілері бар. Уақыттың шеңберінде олардың бәрі өзгеріп отырады. 
Сондықтан бірде-бір затты толығынан танып-білу мүмкін емес. Зат 
жөніндегі біздің тұжырымдарымыз шектелген болуы керек.
Джайнизмнің «үш маржаны» – ол дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс 
жүріс-тұрыс.
Адам өз-өзін жеңуі үшін бірнеше қағиданы ұстауы керек. Олар:
Апариграха – дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау 
қарау;
Сатья – әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту;
Астея – ұрламау, өлейін деп жатсаң да, еш нәрсені рұқсатсыз алмау, 
сұрап қана алу;
Ахимса – еш нәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тіршіліктің 
жаны бар.
Тарихта мыңдаған жылдар өтсе де, джайнизмнің адам алдына 
қойған талабына әлі де болса қазіргі өркениет жеткен жоқ.
Уақытында үнді елінің ХХ ғ. ұлы азаматы Махатма Ганди ахимса 
қағидасына сүйене отырып, өз халқын бейбіт жолмен ағылшындардың 
бодандығынан алып шыққан болатын.
Ал бүгінгі таңда ахимсаның рөлі бұрынғыдан да жоғары болып 
отыр. Мысалы, бүгінгі таңдағы «аңшыларға» келетін болсақ, олар 
күннен-күнге әлсіреп келе жатқан табиғатқа қаншалықты теріс әсерін 
тигізіп жатыр! Жануарды өлтірген – адам өлтіруге бір қадам жақын, ал 
адам өлтірілген жағдайда – соғыстың да бітпейтіні хақ. Сондықтан аң 
аулап, хайуандық түйсіктерді оятқанша, табиғатқа тек «фото аулауға» 
шығу – бүгінгі таңның талабы.
Нарықтық заманға өту жолында бүгін көп адамдар бірін-бірі алдау 
жолына түсіп, біреу мың теңгенің затын ұрлап түрмеге түссе, екіншісі 
миллиондаған теңге тұратын байлықты басып қалып, іскер деген атақ 
алып жүр. Егер джайнизм дүниеге байланба десе, біздің журналистер 
«Бай және бақытты болған жақсы» деген бағдарламаларды телеэкран-
нан көрсетеді. Сен бай болып, айнала қоршаған адамдар қайыршы 
болса, ондай өмірден қандай ләззат алуға болады?!
Сонымен, джайнизм философиясының гуманистік моральдық 
құндылықтары – ұлы үнді халқының рухани ақмаржаны, ол бүгінгі 
таңға шейін қоғамдық сананың ажырамас бөлігі. Әсіресе бұл құн-
дылықтар бүгінгі барлық адамға керек материалдық қажеттіліктерді 
өтеп, күнбе-күн жалған қажеттіліктерді жасап, жарнама арқылы 
солардың жолына миллиондаған адамдарды салып қойған Батыс 
қоғамына ауадай қажет. Мұның өзін кейбір Батыс ойшылдарының 
өздері де мойындап отыр.


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет