Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет39/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   422
Дұрыс көзқараста
Дұрыс сөйлеуде


59
Дұрыс бағытта ойлауда
Дұрыс өмір салтында
Дұрыс жүріс-тұрыста
Дұрыс бетбұрыста
Дұрыс күш салуда
Дұрыс зейін қоюда.
Міне, осы сегіздік жолына түскен адам толығынан зардаптан айыры-
лып, нирванаға жетеді.
Сонымен, ләззат пен құмарту жолына түскен адамдар тұрпайы
пайдасыз, дөрекі, ал денесімен күресіп, оны қинаған адамдар зардап-
тан шыға алмайды. Тек ортаңғы жол дүниені көрсетіп, білім әкеліп, 
екі жолдың ортасымен өтіп, адамды тынышталуға, құдіретті білімге
даналыққа, нирванаға әкеледі.
Буддизмнің айтуына қарағанда, бұл дүниедегі заттар мен құбы-
лыстардың бәрі де бір-бірімен байланысып, бір-бірінен туып, бір-бірін 
алмастырып жатыр. Дүниеде өзімен-өзі өмір сүріп жатқан еш нәрсеге 
тәуелсіз екі-ақ нәрсе бар, ол – кеңістік пен нирвана.
«Нирвананы ешкім тудырған жоқ, нирвана жөнінде ештеңе айта 
алмаймыз: ол пайда болды ма, әлде пайда болмады ма, пайда болуы 
керек пе, әлде керек емес пе, ол өткенде ме, әлде болашақта ма, оны 
көзбен көруге, құлақпен естуге, иісін сезінуге, дәмін алуға, ұстап 
қарауға бола ма, әлде болмай ма». Онда нирвана болмағаны ғой. 
«Нирвана бар, оған зердемен жетуге болады. Ақиқат жолымен өмір 
сүріп жатқан оқушы, егер ол сезімдік құмартудан айырылса, нирванаға 
жетеді. «Дүниеде жел бар ма?» «Бар». Онда маған желдің түсін, бітімін, 
көлемін: үлкен бе әлде кіші ме, ұзын ба әлде қысқа ма, көрсетші», – 
дейді Будда. Шәкірті оған былай дейді: «Ол мүмкін емес, мен оны 
көрсете алмаймын, желді қолмен ұстауға, құшақтап қамтуға болмайды, 
бірақ ол бар».
Будда оған жауап ретінде: «Сол сияқты, нирвана бар болғанымен, 
мен оны саған көрсете алмаймын», – деп қорытады.
Қорыта келе, буддизм ілімі зардапты тоқтату үшін адамды бұл 
дүниедегі қызыққа байланбауға шақырады, өйткені ол адамды өзінің 
шексіз бір-бірімен байланысты ағымына салып, дүниеге тәуелді келу 
заңының шеңберінен шығармайды, олай болса, бітпейтін зардап 
шектіреді, өйткені бұл Дүние – «Мая» – ұлы сағым, елес, алдамыш.
Сондықтан құмартуды суытып, дүниеге қызығудан бас тартып, 
бірте-бірте сөну, өшуді буддизм «нирвана» дейді. Яғни нирвана дегені-
міз – өмірден бас тарту, бейболмысқа өту. Сонымен, Қытай фило-
софиясы сияқты, буддизмде де біз бейболмыс ұғымының іргелілігін 
байқаймыз.


60
Буддизм философиясы – дүние жүзінде бірінші болып адам рухын 
ашып, оның құдіретті күшін көрсеткен философия. Касталарға 
бөлінген, адамды аяққа басып, хайуаннан төмен көрген қоғамда, «мен 
табиғаттың, қоғамның соқыр заңдылықтарынан, тәуелді дүниеге келу 
заңынан жоғарымын, мен – адаммын» деген философияны буддизм 
дүниеге әкелді.
Адам сыртқы табиғатқа қарап, оған: «Мен сенен жоғарымын, 
өйткені мен сені өз ішімде болса да құрта аламын, мен өз еркіммен 
сенімен байлайтын құмартуды тоқтата аламын», – дейді.
Адамзат тарихында мұндай батыл өмірден бас тартушылық 
ешқашан еш жерде болған жоқ.
Сонымен қатар буддизмнің гуманистік-адамгершілік жақтары – ой 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет