Серік Мырзалы философия оқу құралы


ашты деген пікірге келуге болады.  Софистердің арасындағы ең кең танылған тұлға – Протагор



Pdf көрінісі
бет49/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   422
ашты деген пікірге келуге болады. 
Софистердің арасындағы ең кең танылған тұлға – Протагор
(481-411 б.ғ.д.) Оның «Еватл» деген софизмімен танысайық. 


75
Протагор өзінің оқушысы Еватлмен келісімге келеді: егер Еватл 
алғашқы рет сотта жеңіске жетсе, онда Протагорға ақша төлеуге тиіс. 
Бірақ Еватл асықпайды. Онда Протагор Еватлға: «Мен сені сотқа 
беремін», – деп қорқытады. Оған Еватл: «Келісім бойынша мен сотта 
жеңіске жетсем ғана төлеймін, мен әлі бір сотты да ұтқан жоқпын», – 
дейді. 
Сонда Протагор айтыпты: «Егер мен сотта сені ұтсам, онда соттың 
шешімі бойынша сен төлейсің, егер сен ұтсаң, онда бәрібір төлейсің, 
келісім бойынша».
Оған Еватл былай депті: «Егер мен ұтылсам, онда төлемеймін
келісім бойынша, ал егер ұтсам, онда төлемеймін соттың шешімі
бойынша».
Осындай софизмдердің негізінде Протагор мынандай тұжырымға 
келеді: әр нәрсе жөнінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі пікір айтуға 
болады. Олай болса, мәселенің бір жағына шығу керек, оның кепілі – 
адамның өзі. Сондықтан Протагор өзінің атақты нақыл сөзін айтады: 
Адам – барлық заттың өлшемі, олардың барының – барлығын, жоғының 
жоғын көрсетеді. «Адам – өлшем» дегеніміз, маған қандай болып зат 
көрінсе, ол – сондай, ал саған керісінше көрінсе, ол саған – сондай. Оны 
қазақ: «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді», – деген.
Сөйтіп, Протагордың айтуынша, бары де салыстырмалы, еш жерде 
соңғы ақиқат, ең құнды моральдық қағидалар, нормалар т.с.с. жоқ.
Олай болса, өз пікіріңді дәлелдей ал, айтыста өз ойыңның артық-
шылығын көрсете біл, қате пікірдің әлсіз жағын тауып алуға тырыс. 
Тіпті әйдік болсаң, нәзік дәлелдемені күшейтіп, күшті дәлелдемені 
теріске шығара біл.
Протагордың оқушылары саяси мінбелерге шығып, өздерінің қарсы-
ластарын жеңе білген, өздерінің табиғи дарындарын ашып, саяси өмірге 
белсенді қатысқан. Ал мұның өзі Протагордың даңқын арттырған. 
Қорыта келе, мынаны айту керек. «Егер адамның жететін 
ақиқатының бары салыстырмалы болса, онда оларды салыстырып, 
пайдалысын таңдай біл және оның сондай екенін басқаларға дәлелдеп, 
қөздерін жеткіз. Сонда ғана даналық деңгейге қөтерілуге болады», – 
дейді Протагор.
Софистердің философияға енгізген жаңылықтары – ақылоймен 
дүниенің қайшылығын бейнелеу арқылы жасалатын ұғымдардың 
аумалы-төкпелілігі, іштей қайшылықтары. Ой өрісінің дамуын зерт-
тей келе, олар логиканың, риториканың көп мәселелерін көтеріп, осы 
уақытқа дейін ғалымдар ойландыратын нәрселерді қалдырды.
Мысалы, мына софизмді алсақ: «Егер алдаушы мен алдадым десе
онда – оның шындықты айтқаны». Бұл софизм осы уақытқа дейін 
шешілген жоқ. Оқырман, кәне, сен оны шешіп көрші!


76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет