71
Ал Жаугершілік шардың
ішіне кіре бастағаннан-ақ, әрбір стихия
өзінше жиналып, бір-бірінен бөліне бастайды.
Келесі сатыда бірінші үдеріс тағы да басталады...
Дүниеде төрт стихиядан басқа тіршілік – өсімдіктер, жануарлар,
адамдар бар. Олар төрт стихия арқылы қалай пайда болады? Әрине,
бұл сұраққа Эмпедокл тұрпайы жауап қайтарады. Оның айтуынша,
ең алдымен төрт стихияның әртүрлі бөлек-бөлек
жануарлардың бір-
бірімен қосындысынан денелерінің бөлшектері пайда болды. Жер
бетінде бір жерде қол, екінші жерде аяқ, үшінші жерде көз т.с.с. жатады.
Екінші сатысында олар бір-бірімен ретсіз қосылып, басы адамға,
денесі бұқаға ұқсаған т.с.с. құбыжықтардың пайда болуына әкеледі.
Бірақ олардың өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан олар өмірден кетеді.
Үшінші сатысында пайда болған жануарлардың екі жыныстық
қасиеттері бар, сондықтан олар өсіп-өне алмайды. Ең соңғы төртінші
сатысында ғана бір жыныстық жануарлар дүниеге келіп, тіршілік әлемі
өмір сүре бастайды.
Эмпедоклдің берген
жауабы тұрпайы болғанымен, оның астарында
тіршіліктің «мақсатқа лайықтылық» табиғаты бар екені жатыр. Ал бұл
мәселе діннің Құдайды мойындаудағы негізгі дәлелдемелерінің бірі
болып, мыңдаған жылдар бойы ғылымда әртүрлі дау-дамай тудырды.
Тек ХХ ғ. ғана бұл «мақсатқа лайықтылық» барлық тіршіліктің
миллиондаған жылдардың ішіндегі күн мен түннің, жылдың маусым-
дарының т.с.с. ауысуына бейімделуінің арқасында табиғаттағы үдеріс-
терді «алдын ала бейнелеудің» негізінде келгені дәлелденді.
Эмпедокл көптік пен қозғалыс дүниеде
бар екенін көрсеткенімен,
бірақ қалайша бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі дүниеден кетіп жатыр
деген сұраққа қанағаттанарлық жауап берген жоқ.
Сондықтан
Анаксагор бұл сұраққа жауап іздейді.
Анаксагор (500-428 б.ғ.д.) бай және кең танымал ақсүйектер отба-
сында дүниеге келеді. Бірақ ол өсе келе, байлықтан бас тартып,
өмірін толығынан ғылым мен өнерге арнайды. Ол кісінің ойынша,
Күн – ол Құдай емес, орасан зор жанып жатқан от, Ай жер сияқты
және онда тіршілік бар, күннің күркіреуі, найзағайдың жарқылдауы –
бұлттардың бір-бірімен соқтығысуында т.с.с.
Афина қаласында Анаксагор ең бірінші болып, философиядан
сабақ бере бастады. Бірақ ол қудаланып (гректердің Құдайларын
мойындамағаны үшін), Афинадан қашуға мәжбүр болады.
Өзінің
философиялық еңбектерінде Анаксагор қалайша шаш еместен – шаш,
ет еместен ет пайда болады деген нақты сұрақтар қояды. Эмпедоклдің
стихияларының ішінде ет, сүйек, шаш, қан сияқты элементтер жоқ
еді ғой.
72
Анаксагор бұл сұраққа: «Әр нәрсе өзіне өте ұқсас бөлшектерден –
«тұқымдардан»,
гомеомериялардан пайда болады», – деген жауап
қайтарады. Ол тұқымдар стихиялардың ішінде қалқып жүріп, бір-
бірімен қосылып, заттарды тудырады. Ал барлық заттардың пайда
болуына түрткі болған, оларды ретке келтіріп отыратын ол НУС (nous –
грек сөзі, ақыл-ой) – дүниежүзілік ақыл-ой.
Қорыта келе,
Анаксагор Афинадағы ғылымның, философияның
дамуына өзінің зор әсерін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: