Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 7. Римдік-эллинистік философия



Pdf көрінісі
бет58/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   422
§ 7. Римдік-эллинистік философия
Егер Платон мен Аристотельдің шығармаларын антикалық дәуірдегі 
философиялық ой-пікірдің ең биік шыңына жатқызсақ, б.з.д. IV ғ. – V ғ. 
екі ортасындағы VIII ғасырды көне заманның философиясының бірте-
бірте әлсіреп сөнуімен байланыстырамыз. Бұл VIII ғасырда неше түрлі 
соғыстар, құлдардың көтерілістері, ұлт-азаттық қозғалыстар – бәрі
де болды. Бұл уақыт – құлдық қоғамның пісіп-жеткен сатысынан 
өтіп, сонымен қатар басқа даму жолын таба алмаған заман. Өндіргіш 


90
күштер сол бұрынғы мал мен адамның күшіне негізделген, жаңа күш-
қуат көздері әлі ашылған жоқ. Сондықтан биіктігі 135 м. Алексан-
дрия Фаросы теңіздің жағалауында салынғанымен, оған сол бұрынғы 
құлдардың күші пайдаланылған болатын.
Птоломей Филопатер өз заманының ең үлкен соғыс кемесін жасады, 
ал оны төрт мың құл ескекпен қозғайтын. Ондай кемені қандай жерде 
пайдалануға болады?
Бірақ бұл заманның ғылым саласында Римде құқық теориясының 
іргетасы қаланып, соңында бүкіл Еуропа мемлекеттерінің қалыптасуына 
өзінің зор әсерін тигізеді. Осы уақытқа шейін заңгерлердің негізгі 
пәндерінің бірі – ол Рим құқығы.
Бұл дәуір жөнінде орыстың ұлы философы А.Ф.Лосев айтқандай: 
«Философияда қажу мен түңілу байқалады… Мәресіне жете алмай 
өшкен, бірақ болуға тиіс болса да, дегенмен болмысқа айналмаған 
ілімдер...». Бұл ойды римдік-эллинистік философиялық ой-пікірдің 
жалпы мінездемесі ретінде келтіруге болады.
Киниктер
Әрбір дағдарысқа ұшыраған әділеттілік жойылған қоғамда сондағы 
тәртіпке ашықтан-ашық қарсы шығатын белгілі бір философиялық 
саяси ойлар, я болмаса бүкіл өмір салтымен сол қоғамды айыптайтын 
әлеуметтік топтар пайда болады. ХХ ғасырдың екінші жартысында біз 
оларды «хиппи» қозғалысынан, «битниктерден», «кришнаиттерден» 
т.с.с. байқадық.
Міне, осындай дағдарысқа ұшыраған антикалық дәуірде фило-
софия мен этика саласында киниктер мектебі пайда болады. Оларды 
Грекиядағы сократтық мектептердің өкілдеріне жатқызады.
Олардың атын біреулер Киносарг аталатын гимназиямен теңесе, 
келесілері «куоп» (ит) деген сөзбен теңестіреді, өйткені осы мектептің 
негізін қалаған Антисфен: «Адам «ит сияқты өмір сүруі керек», – 
деген екен. Киниктердің тарихта аты қалған екінші тұлғасы – Диоген 
Синоптық.
Олардың мақсаты белгілі бір болмыс жөнінде ілім жасау емес, 
керісінше, жаңа өмір салтын жасап, оны сынау болды. Мысалы, Диоген 
теңіздің жағасында үлкен бөшкеде өмір сүреді, шалшықтан қолымен су 
алып ішеді, жұрттың көзінше дәрет алады; күндіз шам жағып жүреді. 
«Неге шам жағып жүрсіз?» – деген сұраққа: «Адам іздеп жүрмін», – деп 
жауап береді. Атақты Ескендір Зұлқарнайын мұндай қызық адамды 
көрейінші деп оған келгенде, Диоген: «Былайырақ тұршы, Күннің 
сәулесін жауып тұрсың ғой», – деген екен.


91
Киниктердің ілімі бойынша, адамның ең соңғы талғамы – ізгілік. Ал 
оның өзі – бақыт. Ізгілік дегеніміз – аз нәрсеге қанағат ету, зұлымдықтан 
аулақ жүру; ізгілікке үйренуге болады, бірақ оған білімнен гөрі ерік 
керек; ізгілік адамның сөзінен емес, жүріс-тұрысынан байқалады. 
Азға қанағат ету адамды біреулерге тәуелді болудан арылтады. Бірақ 
киниктердің дербестігі бүкіл мәдениет, әлеуметтік нормалар, өнер, 
отбасы, мемлекетті теріске шығаруға әкелді. Мұның бәрі де, әрине, сол 
кездегі қоғамдағы қалың бұқараның өте аянышты жағдайымен байла-
нысты болса керек.
Киниктер жеке меншікті, әлеуметтік айырмашылықты жою керек, 
адам әлемнің азаматы (космополит) болуы керек деген пікір айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет