94
құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді.
Олар табиғат заңына сәйкес өмір салтын ұстайды.
Алайда табиғатқа сәйкес өмір сүру ол
өмірдегі материалдық
құндылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа
қажеттіліктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес,
керісінше, адамды қоршаған сыртқы дүниеге тәуелсіз өмір сүру;
егер біздің жануарлар әлемінен негізгі
айырмашылығымыз ақыл-
ойда, саналылығымызда болса, онда ақыл-ойдың, ар-ұжданның
басшылығымен өмір сүру – ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру
болады.
Әрине,
бұл ойлардың бары, шамасы, үлкен қалалардың тез өсуін,
рухани өмірдің тайызданып, азғындауын, тәтті өмірге деген көпшіліктің
ұмтылысын сол кездегі ойшылдардың жаратпағандығынан туса керек.
Олай болса, сыртқы дүниеде қандай төңкерістер жүріп жатса да, сені
тағдыр қандай тәлкекке салса да, ақыл-ойға негізделген адамгершілік
жолдан таймауың керек. Сыртқы дүниеге қызығу, оған құмарту әртүрлі
зұлымдықтарды тудырады. Стоиктер Аристотельдің «ортаңғы жолын»
қатты сынға алады.
Ақыл-ойдың, зерденің шын қызметі екі қарама-
қарсы жатқан құмартудың арасындағы ортаңғы жолды табу емес, олай
болса, ақыл-ой әлі де өмірге деген құмартудан толық арылған жоқ.
Сондықтан адамның негізгі мақсаты – құмартудан құтылу, еріктік алу,
самарқаулық (apatіa – самарқаулық) дәрежеге жету. Соңғы стоиктер оны
даналық – София дейді.
Байлықты аңсап, соның соңына түскен адам бақытсыз, өйткені ол
өз-өзіне
зардап әкеледі, ол жаман адам, өйткені ізгіліксіз; ол ақымақ
адам, өйткені ақылсыз.
Стоиктердің айтуынша, мұндай адамдар
халықтың көпшілігін құрайды.
Адамдардың бір-бірінен сыртқы әлеуметтік айырмашылығы:
надандықтан шыққаннан кейін, оған тіпті мән беріп, я
болмаса оған
қарсы күреске шақыру – керек емес нәрсе. Оған, дұрысы, көңіл аудар-
мау керек.
Сондықтан тағдырға көніп, ешқандай іңкәрлік жолына түспеу қажет,
өйткені ол адамның жан дүниесін түтіндетуі мүмкін.
Бірақ адамның өзіне қарамастан, сыртқы қолайсыз жағдай адамның
жан дүниесінің тыныштығын бұзып, өне бойы зардап әкеле берсе,
ондағы ең жақсы жол – адамның өзін-өзі өлтіріп, бұл дүниеден кетуі.
Өздерінің натур-философиясында стоиктер Гераклиттің көзқарасына
жақын болған. Дүние шығармашылық алғашқы оттан пайда болып,
уақыты
өткеннен кейін, лаулаған дүниежүзілік отта жанып кетеді.
Содан кейін тағы да дүние басқа түрде келіп, тағы да жанып кетеді,
ол – мәңгілік алмасу. Құдай табиғаттың барлық жақтарынан өтеді,
сіңеді. Сонымен қатар ол бүкіл әлемді басқарады және барлық бола-