110
«Құдай қаласы» деген еңбегінде Августин: «Біз жаратушы деп бақты
өсіргенді, тіпті бәрін асырайтын ана-жердің өзін де айтпаймыз. Тек
қана Құдай – барлығын жаратқан, әртүрлі
жолмен өзін солар арқылы
көрсеткен… Егер Ол болмаса, онда еш нәрсе болмас еді», – дейді.
Дүниені жарату жолында Құдайдың ойының алатын орны ерекше.
Августиннің айтуынша, «идеяларды мойындамау – дүние ақыл-ойсыз
жаратылды дегенмен тең…
әрбір заттың өзінің идеясы, негізі бар. Ал
идеялардың барлығы қайда, егер Жаратушының ойында болмаса?» –
деген сұрақпен Августин бұл мәселені қорытады.
Мәңгілік пен уақыт мәселесі
«Дүниені жаратпастан бұрын Құдай тағала не істеді?» – деген сұрақ
Августинді үлкен ойға қалдырды. Оның берген жауабы мынандай:
«Бұл сұрақ мәнсіз, өйткені уақыт жаратылған дүниемен
бірге
берілген».
Құдайдың өмірі – мәңгілік қазір, ол қайсыбір болашақтан басым,
өйткені болашақ әрқашанда ертелі-кеш өткен шаққа айналады, ал «Сен
болсаң, сенің бүгінің – мәңгілік», – дейді Августин.
Ал бұл дүниедегі уақытты алатын болсақ, ол өткен, қазіргі шақтан
және болашақтан тұрады. Өткен шақ – ол қазір жоқ, болашақ – ол әзір
жоқ. Ал қазір
егер өткен шаққа айналмаса, уақыттан мәңгілікке айна-
лар еді.
Августиннің ойынша, уақыт – рухани өмірдің өлшемі. Адам өз
өмірін өткенге, қазірге, болашаққа бөледі. Өткеннің қазірі – естегі
нәрселер, қазірдің қазірі – ол ішкі сезім (іntuіtіo – лат. сөзі,
қадағалап
қараймын), болашақтың қазірі – ол бір нәрсені күту, тосу, үміттену.
Тек қана біздің жан-дүниеміз үміттенеді, еске түсіреді. Оның
күткендерінің барлығы іс-әрекет арқылы дүниеге келіп, содан кейін
естелікке айналады.
Достарыңызбен бөлісу: