118
Сөйтіп, табиғаты бұзылған адамдар заңның күші арқылы, алғашқы
уақытта сырттай оның талаптарына көнеді, жүре келе, ол әдетке айна-
лады. Мүмкін, олар соңында ізгі адамдарға айналуы да ғажап емес.
Олай болса, қайсыбір заң тек қана қоғамды зұлымдықтан қорғау ғана
емес, сонымен қатар тәрбиелік қызмет атқарады.
Адам – міні көп, кемеліне келмеген пенде. Заңның керектігі осы
іргетасты қағидадан шығады. Адамның барлық кемшіліктерін есеп-
теп, оны заң арқылы тежеу мүмкін емес. Ал, бірақ бүкіл қоғамға, басқа
адамдарға кеселін тигізетіндерін заң арқылы тежеу керек. Мысалы,
адам өлтіру, ұрлық жасау – ол бүкіл қоғамның өміріне қауіп туғызады.
Оларға заңдық тосқауыл қойылуы қажет.
Аса көңіл аударатын нәрсе – егер
адамдардың шығарған заңы
табиғи заңға қайшы келсе, – ол заңдық мәртебесін жояды. Қайсыбір
заңның негізінде әділеттік жатуы керек, басқаша жағдайда, біз түгел
шарпыған жемқорлыққа келеміз. Мүмкін, бүгінгі кең етек жайып кет-
кен жемқорлықтың себептерінің ішінде осы да болса керек. Фома
Аквинскийдің осы ойлары бізді моральдық, адамгершілік мәселелеріне
әкеліп тірейді. Заңның моральдық құндылығы
табиғи заңмен байла-
нысты. Әділетсіз заң зорлық-зомбылыққа жеткізеді.
Адам заңы Құдай заңына қайшы келсе, одан үзілді-кесілді бас тарту
керек. Озбырлыққа қарсы көтерілісті де ақтау керек, өйткені одан артық
зұлымдық қоғамда жоқ.
Фома Аквинскийдің айтуына қарағанда, монархиядан артық билік
формасы жоқ, ол – тәртіп пен мемлекет бірлігінің кепілі. Ең жаман
билік формасы – қатал, озбыр билік, өйткені ол зорлық-зомбылыққа,
заңсыздыққа
негізделген, қоғамға зұлымдық әкеледі. Бұл билік
күшейген сайын, оның зұлымдығы да арта түседі.
Мемлекет адамдарды игілік жолына бағыттап, бұзылған адамдарды
тәрбиелеп, ізгілікке сілтейді. Адамдардың жасаған заңдары арқылы
қоғам өмірінде тәртіп орнап, адамдар бір-бірімен әртүрлі қарым-
қатынасқа түседі.
«...Бірақ мемлекет адамдардың барлық рухани ұмтылысын,
мақсат-
тарын өтей алмайды. Табиғи заңдар да, адамдардың жасаған заңдары
да оған жеткіліксіз. Сондықтан Құдай адамдарды сүйіп, оларға аян-
мен берілген заңдарды (lex dіvіna) ұсынды. Сол себепті адамның
басшылыққа алатын заңдарын әрқашанда Киелі кітаптағы заңдармен
толықтырып отыруымыз керек», – деп қорытады Фома Аквинский.
Фома Аквинский философия тарихында өзінің ерекше ізін қалдырды.
Оның сәулелі ойы, мөлдір логикасы, Құдайға деген шын ниеті, адамды
сүюі осы күнгі заманға дейін үлгі болып,
қазіргі адамзаттың рухани
өміріне әсерін тигізуде.